Статистикалық бақылау

Бақылау мен талқылауға арналған сұрақтар:

1. Бақылаудың мақсаты мен мiндеттерi дегенде ненi түсiнемiз?

2. Бақылаудыңобъектiсi деген не және ол қандай т±ртiппен шекараланады?

3. Бақылау бiрлiгi деген не? Есеп бiрлiгi ше?

4. Бақылау субъектiсi деген не?

5. Ұлттық стандарттар және халықаралық стандарттар деген не, олар қандай мақсаттарды көздейдi?

6. Бақылау формуляры деген не және оның қандай түрлерi бар?

7. Нұсқау деген не және ол не үшiн жасалады?

8. Бақылау уақыты мен орны дегенде ненi түсiнемiз, олар қандай тәртiппен анықталады?

9. Бақылау уақыты және шұғыл сәт деген не, олар қандай мақсаттарды көздейдi?

10. Статистикалық бақылаудың есептен және қарапайым бiр затты бақылаудан қандай айырмашылығы бар?

11. Оқиғаларды тiркеу уақытына орай статистикалық бақылау қандай түрлерге бөлiнедi, олардың мазмұны неден тұрады?

12. Әңбылыстарды тiркеу әдiсi бойынша статистикалық бақылау қандай түрлерге бөлiнедi?

13. Жаппай бақылау деген не, ол қандай түрлерге бөлiнедi?

14. Ішiнара бақылау деген не? Монографиялық сипаттау, негiзгi массивтi бақылау, сауалнама арқылы бақылау, iрiктеп бақылау дегендердi қалай түсiнесiң?

15. Бақылау объектiсi деген не және оны қалай шекаралауға болады? Бақылау және есеп бiрлiгi деген не, оны қалай анықтаймыз? Бақылау бағдарламасында қандай сұрақтарды қойған орынды? Сен қандай статистикалық формулярды пайдаланасың?

16. Ұлттық университеттiң өткен жылғы негiзгi қызмет түрлерiн зерттеу бойынша статистикалық бақылау ұйымдастыру керек делiк. Осының бақылау объектiсi ретiнде ненi алуға болады? Университет жанындағы қосалғы бөлiмдердi де бақылау объектiсi құрамына енгiзу қажет пе?

17. Халық шаруашылығы институтында жақсы үлгiрiм дәрежесiне жеткен мамандықты анықтау бойынша статистикалық бақылау жүргiзу керек. Сен бақылау объектiсi мен бiрлiгi ретiнде ненi алар едiң? Есеп бiрлiгi ретiнде ше? Бақылауды қандай түр мен әдiс бойынша өткiзесiң? Оның бағдарламасы мен статистикалық формулярын жаса.

18. Сен оқитын курстағы студенттер бiр апталық уақыт қорын қалай пайдаланып жатқаны жөнiнде статистикалық бақылау өткiзу керек. Бақылау уақыты ретiнде қайсы аптаны алған орынды? Бақылау бағдарламасын жасап, курстастарың ортасында талқыла. Жинақталатын мәлiметтердiң шынайылығын қамтамасыз ету үшiн шаралар белгiле. Жүргiзiлген бақылау бойынша Ғылыми жұмыс жаз. Алынған нәтижелердi барлық жоғары оғу орындарының студенттерiне енгiзуге бола ма?

19. Халық санағы деген не?

20. Микрофирмалар мен шағын кәсiпорындардың есептерi қандай мақсаттарды көздейдi?

21. Статистикалық есеп деген не, оның қандай түрлерi бар?

22. Тiркеу деген не?

23. Арнаулы статистикалық зерттеулер туралы не бiлесiң?

24. Бизнес тексеру деген не?

25. Статистикалық бақылаудың қандай сатылары бар?

26. Бақылау мәлiметтерiнде қандай қателiктер болуы мүмкiн?

27. Статистика пәнiн игерудiң деңгейiн анықтау үшiн студенттер ортасында статистикалық бақылау өткiзу керек. Бұндай бақылау объектiсi мен бiрлiгiнiң рөлiн не ойнайды? Нәтижелердi студенттер жиналысында талқылаңдар.

Негізгі әдебиеттер:

1. Теория статистики. Под. ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2004.

2. Теория статистики. Под. ред. Г.Л.Громыко. — М., ИНФРА — М., 2002.

3. И.И.Елисеева, М.М.Юзбашев. Общая теория статистики. М., Финансы и статистика, 2002.

4. Практикум по теории статистики. Под. ред. Р.А.Шмойловой. — М., Финансы и статистика, 2004.

5. www.europarl.ie

6. www. europarl.org.uk

Қосымша әдебиеттер:

1. Ю.Э.Янсон. Теория статистики. СПБ., 1913.

2. А.А.Кауфман. Теория и методы статистики. — М., ГИЗ, 1928.

3. Общая теория статистики. Под. ред. А.М.Гольдберга и В.С.Козлова. — М., Финансы и статистика, 1985.