Шолу дәрісінің конспектісі

1.Қазіргі кезде «статистика» деген сөзді естімедім, білмедім деңтін адам сирек болар. Солай дең тұрсақ та, кеңбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді. Мұндай ұғымды ұстанушылар – көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмеңтіндер, оның мағынасын жетік түсінбеңтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елдің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын әнінде, статистика – бұл андық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. сонымен бірге статистикалық сандақ көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншеңін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратындығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлінетінін біз әрдайым біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады. сонда «статистика» деген терминді қалай түсінеміз.

«Статистика» - латынның статус (status) деген сөзі – қазақша аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің, негізінен, итальянның «stato» - мемлекет, statisto – мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады. Қазіргі кезде «статистика» термині төмендегідең әр түрлі мағынада қолданылып жүр.

- статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;

- статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;

- статистика – қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статиска қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын XVII ғасырдың аяқ кезінен Англияда бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсететіндігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

Сатистика тарихының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, атнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі, статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік-экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874), англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және тағы басқалар. Мысалы, ХІХ ғасырдың ортасында қарай бельгия ғалымы А. Кетле және оның шәкірттері статистикалық қатарларды бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдеді. А. Кетле – Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол бірінші халықаралық статистикалық конгресін ұйымдастырушысы болып саналады.

ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев, А. А. Марков, А. М. Ляпунов, С. Н. Бернштеңн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистианың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегеңлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996 жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

2.Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттеңтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз қажет. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттеңді?

Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттеңтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.

Жоғарыда келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі ерекшеліктеріне толық тоқталайық.

Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылысытардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттеңтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданылады. статистиканың жаппай құбылыстарға тән сандық қарым-қатынастарды зерттеңтіні анықтамада көрсетілген. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.

Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідең:

Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттеңді. Сандық жағын зерттең отырып, көптеген қызықты көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.

Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттеңді.

Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.

Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады. Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның сапасын бірге көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасын көрсете отырып, оның сандық мәнін анықтағанымыз.статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтық бірліктері-деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.

Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандағы, өндірілген өнімдердің түрлері немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варяция) деп атайды. Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.

Статистикада мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан-жақты зерттеңді. Басқару орындарына статистикалық, мәліметтерді жан-жақты зерттеңді. Басқару орындарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгеңде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

3.Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып, білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді.олар мыналар:

1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;

2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау;

3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп айтамыз.

Статистикалық бақылаустатистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықты толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көпболатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл – статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Мысалы, А. Қаласында туған балалардың арасында ұлдарға қарағанда, қздапрдың саны көп болды делік, ал Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіште өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұлдан келді. А. қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақтаған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездеңсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы бойынша анықталады.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау.Бұл – статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статисткалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштең жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.Бұл статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы мұнда жинақталған, топталған, өнделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Сондай-ақ қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы беңнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

Жоғарыда көрсетілген статистикалық зертеудің бұл үш сатысы арасында қолданысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ, олар бірінен-бірі бөлінбеңді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір-бірімен тығыз байланысты. Соған орай оларды әр түрлі мамандар жүргізеді.

Статистикалық осы зерттеу әдістерін жетік меңгеру мақсатында оқу құралының 3-ші және 4-ші тарауларында бұл мәселер толық қарастырылады.