В) Пирсонның χ2 (хи-квадрат) келісім критерийі

Н0: «эмпирикалық таралу мен теориялық таралу дың арасында ешқандай айырмашылық жоқ».

Егер эмпирикалық жиіліктер ( ) теориялық жиіліктерден ( ) қатты ерекшеленетін болса,онда тексерілетін Н0 жорамалын жоққа шығару қажет; олай болмаған жағдайда қабылдау қажет.

n- таңдама көлемі;

k- таңдаманы топтастырғандағы интервалдар саны;

ni- і-ші интервалға түскен таңдаманың мәндер саны;

npi - і-ші интервалға түскен кездейсоқ шаманың мәндерінің теориялық жиілігі.

Немесе

О-тәжірибе жүзінде бақыланған сандар; Е- теория жүзінде болуы мүмкін сандар.

Екі мән ғана (2х2 кестесі) қабылдайтын белгілердің таралуы үшін:

критерийі тәжірибелік және теориялық таралулардағы белгінің әртүрлі мәндері бірдей жиілікпен кездесе ме деген сұраққа жауап береді. (тәжірибелік таралу мен теориялық таралу сәйкес келе ме, : екі таралудың арсында айырмашылық жоқ).

Зерттелетін белгінің бақылау жиілігі мен сандық емес айнымалылардың деңгейлері жөніндегі деректер категорияланған деп аталады.

Мұндай деректер жиіліктер кестесі немесе орайластық кестесі деп аталатын кестелерге енгізіледі.

Егер бұл кесте екі қатардан және екі бағаннан тұрса, онда ол 2х2 кестесі деп аталады.

 

Әдістің артықшылығы сонда: «атау» шкаласынан бастап ол кез келген шкалада, берілген белгілердің таралуларын салыстыруға мүмкіндік береді.

-тәжірибелік нәтижесінде алынған деректер мен теориялық модельдің келісім өлшемі.

есептеу үшін келесі формула қолданылады:

.

О – бақыланған белгілердің жиілігі, Е – теориялық жиілік (күтілетін сан).

Зерттеудің негізгі міндеттері:

• Зерттелетін белгінің бақылау жиілігінің салыстырмалы шамаларын есептеу және олардың дәлдігі мен сенімділігін анықтау.

• әртүрлі топтағы жиіліктердің салыстырмалы шамалары арасындағы айырмашылықтардың мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру( эмпирикалық және теориялық таралулардың сәйкестігі ).