Уилкоксон критерийі

Осыған дейін екі байланысқан топтардың арасындағы айырмашылықты бағалаған кезде әсердің бағыты және қандай да бір дәрежеде бақылаулар жұбындағы айырмашылықтар шамасы ғана қарастырылды. Айырмашылықтың шынайылығы жөнінде дәлірек пайымдау үшін осы айырмалардың өлшемі алынады.

Уилкоксон критерийін қолдану:

1.Жұп бақылаулардың айырмалары есептеледі.

2.Айырмалардың абсолюттік шамалары бойынша (таңбалары ескерілмей) варияциялық қатар құрылады және ол ранжирленеді(өзгеріске ұшырамаған айырмалар алынып тасталынады).

3.Бірдей таңбалы мәндердің рангілерінің қосындылары бөлек есептеледі.

4.Қосындылардың аз шамасы бағаланады.