СТАТИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ

СТАТИСТИКАЛЫҚ БОЛЖАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ

Клиникалық зертеулерде нолдік болжам Но кеңінен қолданылады. Бұл болжам салыстырылатын топтардың шешуші… Статистикалық болжам тарамдалу функциялары белгілі және… Мәнділік деңгейі немесе қабылданған болжамды бағалау кезінде мүмкін болатын І…

Орташа мәндер арасында айырмашылық бар (немесе жоқ) туралы болжамды тексеру үшін параметрлік критерийлер

1. X1,X2,…,Xn таңдамасына байланысты Н0 нөлдік және Н1 балама жорамалдарды ұйғару. 2. Tn=T(X1,X2,…,Xn ) статистикалық критерийін таңдау. (әдетте: U- қалыпты таралу, Х2- таралу (Пирсонның хи-квадраты), Стьюденттің t- таралуы,…

Манн-Уитнидің U- критерийі.

Бұл әдіс екі таңдама арасындағы мәндердің қаншалықты әлсіз қиылысатын (беттесетінін)… Қиылысатын мәндер неғұрлым аз болса,… Uтәж неғұрлым аз болса, айырмашылықтың бар болу ықтималдығы…

В)Хи-квадрат сәйкестік критерийі

Әдістің артықшылығы сонда: «атау» шкаласынан бастап ол кез келген шкалада, берілген белгілердің таралуларын… -тәжірибелік нәтижесінде алынған деректер мен… есептеу үшін келесі формула қолданылады:

Кесте

Препарат Тромбоз бар Тромбоз жоқ  
Плацебо
Аспирин
 

Оң жақтағы бағанда топтар бойынша қосынды, төменгі қатарда тромбоздар бойынша қосынды келтірілген.

Оң жақтағы төменгі бұрышта – сынауға қатысқан аурулардың жалпы саны.

Күтілетін сандарды қалай есептейміз?

25 адам плацебо, 19 адам аспирин қабылдады. 44 адам тексерілді, оның 24-нде тромбоз пайда болды, яғни 54,55% () жағдай орын алды, 44-ң – 20-нда тромбоз пайда болған жоқ, яғни 45,45% () жағдай орын алды.

Нөлдік жорамалды қабылдайық: аспирин тромбоздың пайда болу қаупіне ықпал етпейді. Онда тромбоз бірдей 54,55% жиілікпен плацебо және аспирин топтарында пайда болуы керек. 25 пен 19-дың 54,55% - қанша болатынын есептесек (), сәйкес 13,64 және 10,36 екенін аламыз. Бұл плацебо және аспирин топтарындағы тромбозы бар аурулардың күтілетін сандары. Дәл осылай тромбозы жоқ аурулардың күтілетін сандарын табуға болады: плацебо тобында 25-ң 45,45%, яғни 11,36, аспирин тобында 19-ң 45,45%, яғни 8,64.

Немесе, .

3-кесте. Плацебо және аспирин қабылдағандағы шунт тромбоздары: күтілетін сандар

 

Препарат Тромбоз бар Тромбоз жоқ  
Плацебо 13,64 11,36
Аспирин 10,36 8,64
 

2-ші және 3-ші кестелерді салыстырайық. Торкөздердегі сандар арасындағы айырмашылық үлкен. Олай болса, нақты көрініс аспирин ықпал етпеген жағдайдағы көріністенөзгеше, айырмашылығы бар.

Енді осы айырмашылықты бір санмен сипаттайтын хи-квадрат критерийінің мәнін есептейік.

.

-ң сыни мәні орайластық кестесінің мөлшеріне байланысты, яғни салыстырылатын емдеу әдістерінің саны (кестенің қатары) мен мүмкін болатын жағдайлар саны (кестенің бағандары). Кестенің өлшемі еркнді дәрежесінің df санымен өрнектеледі: , мұндағы r – қатарлар саны, s- бағандар саны.

Біздің мысалда кесте өлшемі df=(2-1)(2-1) =1.

Йейтс түзетуін қолданамыз:

Айталық 5%-ті мәнділік деңгейін бердік делік α=0,05. критерийінің сыни мәнін df=1, α=0,05 болғанда кестеден табалық: эмпр>сыни, сондықтан біз аспириннің тромбоздың пайда болу қаупіне ықпалы жоқ деген нөлдік жорамалды жоққа шығарамыз.

Қорытынды: Аспиринді қолдану тромбоздың пайда болу қаупін тиімді төмендетеді.

1-кесте.Бақыланған жиіліктер.

  Қасиет бар Қасиет жоқ Барлығы Аталған қасиеті бар үлесі Аталған қасиеті жоқ үлесі
1 топ
2 топ
Барлығы

1 кестеде 4 торкөздегі әрбір қатар/баған комбинациясына сәйкес келетін бақыланған жиіліктер, 4 дербес қосындылар, (белгілі бір қатардағы немесе бағандағы жиілік, мысалы ), және пациенттердің жалпы саны n көрсетілген.

Егер жорамалы дұрыс болған жағдайдағы кестенің әрбір 4 торкөзінде болуы мүмкін (күтілетін жиіліктер) жиіліктерді есептеуге болады.

Егер осы екі топтағы белгілі бір қасиеті бар адамдар үлесі тең болса, мұндай пациентердің жалпы пропорциясын өрнегімен бағалауға болады.

Олар 1 топта , 2 топта болады деп күтіледі.

Осылайша, әрбір күтілетін жиілік ақиқат жиіліктердің екі дербес қосындыларының көбейтіндісін жиіліктердің жалпы санына бөлгенге тең.

2-кесте. Күтілетін жиіліктер.

  Бар Жоқ Барлығы
1 топ
2 топ
Барлығы

 

  Тромбоз бар Тромбоз жоқ Барлығы
1 топ плацебо 13,64 4,36 11,36 4,36
2 топ аспирин 10,36 4,36 8,64 4,36
Барлығы    

 


Тапсырмалар.

Есеп.

Балаларда қызылиектің экссудатациясының жылдамдығы (мл/тәулік):

Қалып 0,75 0,82 0,73 0,86 0,85 0,81 0,8 0,78 0,79 0,82
Гингивит 1,8 1,4 1,32 1,49 1,52 1,5 1,7      

Таңдама таралу түрі қалыпты деп есептеп, екі көрсеткіштін орта мәндері арасындағы айырмашылықтың статистикалық мәнділігін анықтаңдар.

Есеп.

Кальций антагонистер тобына жататын нифедипин препаратының қан тамырларын кеңейтетін қасиеті бар, және оны жүректің ишемиялық ауруын емдеу кезінде қолданады.Нифедипин және плацебоны қабылдағаннан кейін коронарлы артерияның диаметрін өлшеген және төмендегідей деректердің екі таңдамасы алынған ( мм):

Плацебо: 2,5 2,2 2,6 2,0 2,1 1,8 2,4 2,3 2,7 2,7 1,9
Нифедипин: 2,5 1,7 1,5 2,5 1,4 1,9 2,3 2,0 2,6 2,3 2,2

Келтірілген деректер бойынша нифедипин коронарлық артерияның диаметріне ықпал етеді деп айтуға бола ма?

 

Есеп.

Балаларда ынтасыз сілекей бөліну жылдамдығы (мл/мин.):

Операцияға дейін 0,18 0,19 0,14 0,22 0,15 0,17
Уранопластикадан кейін 0,2 0,22 0,16 0,26 0,15 0,18

Таңдама таралу түрі қалыпты деп есептеп, екі көрсеткіштін орта мәндері арасындағы айырмашылықтың статистикалық мәнділігін анықтаңдар.

 

Есеп.

Манн-Уитни критерийі көмегімен тәуелсіз таңдамалар бір бас жиынтықтан алынғандығы туралы жорамалды тексерейік.

Дәрмек затының қандағы мөлшері, ммоль/г

1 топ
2 топ

 

Есеп.

Қышқылдың әсерінен кейін эмаль қабатың микроқабаттылығы (Со ОЭДФ):

Әсерге дейін 0,16 0,129 0,135 0,15 0,125 0,13
Әсерден кейін 0,195 0,178 0,166 0,16 0,11 0,12

Таңдама таралу түрі қалыпты емес деп есептеп, екі топ арасындағы айырмашылықтың статистикалық мәнділігін анықтаңдар.

 

Есеп.

Дальтонизм белгісі бойынша 1000 адам іріктелді. Төменде көрсетілген мәліметтер бойынша дальтонизм белгісі мен жыныс арасындағы тәуелділікті зерттеу, α = 0,05 кезінде.

  Ерлер Әйелдер
дальтониктер
дальтониктер емес