Ондырғы

Қондырғы суретте көрсетілгендей жазық валдан тұрады, оның бір ұшы электрлік двигательге, ал екінші ұшы подшипникке кізгізілген. Валға қағаз дискілері бар екі қысқыш енгізілген. Дискілері бар қысқыштар вал бойымен қозғала алады. Олар валға бұрандалармен бекітілген. Валмен салыстырғандағы дискілердің айналымы ескерілмейді. Олардың кезекті өзгеруі үшін гайканы бұрап, валды солға жылжыту керек. Осыдан кейін қысқыштар валдан оңай ажыратылып алынатын болады.

Стробоскоптық дискі мен неондық шамы бар жарық бергіш электродвигателдің айналыс жылдамдығын анықтау үшін қолданылады.

Стробоскоп - бақылаушы - өлшеуіш құралы, яғни ол периодты қозғалысты бақылап, айналу жиілігін өлшеу үшін керек. Бұл құралдың жұмысы стробоскоптық эффектіге негізделген. Егер Т периодты қозғалыс жасаған дене бірінің соңынан бірі Т/ периодпен келетін жарықтың қысқа жарқылымен жарықтандырылса, (шағылу ұзақтығы Т) , онда Т=nT/ болғанда, мұндағы n=1,2,3,…, дене қозғалыссыз күйде болады. Осындай күйді тауып және жарқыл периодын біле отырып, ізделінген қозғалыстың периодын (жиілігін) анықтауға болады. Двигатель осіне орналастырылған стробоскоптық дискінің артқы бүйірінде ені кіші кезекті ақ және қара секциялары бар кезектесетін он сақина бар.

Неондық шаммен дискіні жарықтандырған кезде жылдамдық бірқалыпты өзгере бастағанда оның сақиналары кезек-кезек қозғалмайтын болып көрінеді.

Егер қозғалмайтын болып көрінетін қара сақиналар санын К десек, онда дискінің жасайтын айналымы мынаған тең болады:

 

айн/сек