C) Ату алдында ату сызығы жанында студенттердің болмағанын тексеру қажет.

4. Двигательді қосыңыз, вал және дискілердің орнықты бірқалыпты айналуын күтіңіз;

5. Неондық шамды қосыңыз және дыбыстық генератордың көмегімен жарқыл жиілігін жөнге келтіріңіз, содан соң электродвигателдегі кернеудің өзгерісі кезінде стробоскоптық дискінің бір сақинасы қозғалыссыз болып көрінетін күйге келтіріңіз. Осы сақинада қанша қарайған секция бар екенін санаңыз және электрлік мотордың айналу жиілігін анықтаңыз.

Назар аудару керек! Қозғалыстағы денеге қолдың тиіп кетпеуін қадағалау керек.

6. Атуды жүзеге асырыңыз және неондық шамды өшіріңіз.

7. Бірінші және екінші дискілердегі оқ жүріп өткен А және В тесіктерін белгілеңіз. Осы тесіктер арқылы өтетін радиусты сызыңыз.

8. Бекітілген дискілердің біреуін босатыңыз және дискілерді біріктіріңіз. Осыдан кейін B’A доғасының ұзындығын өлшеңіз (арақашықтық S).

9. (4) формула бойынша оқ жылдамдығын есептеңіз. Өлшеу нәтижелері мен мәндерін кестеге жазыңыз:

 

КЕСТЕ

 

Айналу жиілігі n (1/с) Дискілер арақашықтығы Диск радиусы R (м) Доға ұзындығы S (м) Оқтың жылдамдығы V (м/с)
         
         
         

 

10. Өлшеудің салыстырмалы және абсалют қателіктерін есептеңіз.