Бақылау сұрақтары

1. Оқ жылдамдығын анықтауда кинематикалық тәсіл неге негізделген?

2. Дискілер арасындағы оқтың ұшу уақыты қалай өлшенеді?

3. Жиілікті өлшейтін стробоскоптық әдіс неден тұрады?

4. Оқтың ұшу жылдамдығын кинематикалық әдіспен анықтаған кезде қандай шамаларды өлшеу керек?

5. Оқ жылдамдығын анықтаған кезде, өлшеу қателігін қандай шама жібереді? Қателікті кеміту үшін қандай шаралар қолдану керек?

6. Энергия мен импульстің сақталу заңдарын формула түрінде жазыңыз.

7. Оқтың кинетикалық энергиясы серпімсіз соққы кезінде маятниктің потенциалдық энергиясына толығымен ауысады деп есептеуге бола ма?

8. Абсолют және салыстырмалы қателіктердің формуласын жазыңыз. Қандай шаманы өлшеу үлкен қателік жібереді? Неліктен?

9. «Маятник- оқ» жүйесін неге тұйық деп қарастыруға болады?

10. Оқ жылдамдығын динамикалық тәсілмен анықтау қандай заңдарға негізделген?

11. Қандай соққы абсолют серпімсіз деп аталады?

12. Серпімсіз соққы нәтижесінде энергияның кемуі неге тәуелді?