Бақылау сұрақтары

1. Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?

2. Жер бетінің түрлі нүктелерінде еркін түсу үдеуі неліктен әр түрлі?

3. Еркін түсу үдеуінің биіктікке тәуелділік формуласын жазыңыз.

4. Неліктен диаметрлері бірдей екі үлкен емес дискілер ауада әр түрлі жылдамдықпен түседі? (дискілер қалың қатты қағаздан және темірден жасалған).

5. g еркін түсу үдеуінің дененің массасы мен пішініне тәуелді емес екеніне қалай тәжірибеде көз жеткізуге болады?

6. g еркін түсу үдеуінің шахта тереңдігіне тәуелділік формуласын жазыңыз.

7. Бүкіл әлемдік тартылыс заңының формуласын жазыңыз. Гравитациялық тұрақты неге тең және оның физикалық мәні қандай?

8. Тартылыс өрісінің кернеулігі мен потенциалы дегеніміз не? Осы шамалар үшін өрнекті өрістің материалдық нүкте тудыратын жағдайы үшін жазыңыз.

9. Қандай өріс – біртекті, ал қандай өріс – орталық деп аталады? Біртекті және орталық тартылыс өрістеріне мысал келтіріңіздер.