Тәжірибені орындау тәртібі

 

1. Құралды ток көзіне қосыңыз.

2. Оң жақтағы жүкті ең жоғарғы орынға ауыстырыңыз да, оған қосымша жүк салыңыз және жүйенің тоқтағанын тексеріңіз.

3. «Пуск» тетігін басып, жүйенің қозғалысқа келгенін, кронштейннің қосымша жүкті ұстап қалғанын, секундомердің уақытты өлшегенін және жүйенің тоқтағанын тексеріңіз.

4. Оң жақтағы жүкті жоғарғы күйіне ауыстырып «пуск» тетігін кері басыңыз да, блоктың қайтадан орнына келгенін тексеріңіз.

5. Оң жақтағы үлкен жүкке массасы m қосымша жүктің біреуін орналастырыңыз.

6. Оң жақтағы жүктің төменгі қырын жоғарғы кронштейндегі сызыққа келтіріңіз.

7. Бағанадағы шкалалардың көмегімен берілген бірқалыпты қозғалыстың жолын белгілеңіз де, сан мәндерін кестеге жазыңыз.

8. «Пуск» тетігін басыңыз.

9. Жүктің жолды жүріп өткен уақытын секундомерден жазып алыңыз. Өлшеуді 5 рет қайталаңыз. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

10. Қосымша m1 және m2 жүктері үшін 2-3 тәжірибелік өлшеулерді қайталап жасаңыз.

11. Өлшеулері әр түрлі (S1 және S2) жолдар үшін S1 £ S2 шартына сүйене отырып жүргізіңіз.

12. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

13. (7) өрнектің көмегімен үдеудің мәндерін кестеге толтырыңыз.

14. Әр қосымша жүк үшін үдеудің мәнін есептеңіз.

15. a=¦(m1× g) тәуелділігінің графигін салыңыз.

 

Жаттығу № 1