Бірқалыпты үдемелі қозғалысты тексеру

 

а) жолдың заңын тексерейік:

бірінші жүкке қосымша жүкшелер салыңыз да, электромагнит тізбегін токтан ажыратыңыз. Жүйені бастапқы қалпына мына түрге келтіріңіз: оң жақтағы жүктің төменгі бөлігі шкаланың нөлдік бөлігімен сәйкес келуі керек. Сосын үстелдің беті оң жақтағы жүктің төменгі жағымен сәйкес келуі керек. Осыдан кейін оң жақтағы жүкті қосымша жүкшелермен бірге үстелдің әр түрлі арақашықтығында орналастырыңыз. Тізбекті токқа қосып, секундомермен жүктің түсу t уақытын есептеңіз.

Әр түрлі арақашықтық үшін үш өлшеуде орташа минимум есебінде t уақытты анықтаңыз. Жүктерді көбейткен сайын оның үдеуі бірдей болуы керек болғандықтан, мына қатынас дұрыс болады:

б) жылдамдық заңын тексерейік:

Бұл заңдылықты тексеру үшін оң жақтағы жүкке үш жақты жүк салып, электромагниттің көмегімен жүйені тыныштық күйде ұстайды. Кішкене төмен ілулі тұрған жүкке жүктен h арақашықтықта сақинаны салады. Сақинадан арақашықтықта жылжымалы үстелді орналастырады. Содан соң жүктің сақинасы түскенге дейінгі t уақытын және сақина түскеннен кейінгі жылжымалы үстелге дейігі уақытты есептейді.

биіктік пен уақытты есептеу арқылы жүктің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығын анықтайды. Ілулі тұрған жүк пен сақина орналасқан жерге дейінгі арақашықтық үлкейген сайын бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы өсе береді. Жүктерді көбейткен сайын оның үдеуі бірдей болуы керек болғандықтан, мына қатынас дұрыс болады:

 

 

Жаттығу № 4