Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Қондырғыны желіге қосып, 10-15 минөт қыздырыңыз.

2. Гироскоптың горизонталь және тік осьтер айналасында айнала алуын тексеріңіз. Ол еш кедергісіз жеңіл айналу керек.

3. Гироскопты теңгеріңіз. Ол үшін гироскоп рычагындағы теңгерушіні ауыстыра отырып, аз тік ауытқулардың өзінде де ол горизонталь күйіне қайтып келуін тексеріңіз. Рычагтағы теңгеруші орнын белгілеп алу керек, өйткені айналыс моменті иіні осы күйден басталып есептелетін болады (3 см).

4. Двигательді қосыңыз және тұрақты айналу жылдамдығы орныққанша тосыңыз. Теңгерушіні тепе-теңдік күйден 0,5-1см-ге ауытқытып, «сброс» батырмасын басыңыз. Гироскоп прецессиясы әсерінен уақыт және бұрылу бұрышының санауыштары қосылады. 30о–қа бұрылған соң «стоп» батырмасын басыңыз. Санауыштар 40о бұрышқа бұрылғанда автоматты тоқтайды. Прецессия жылдамдығын есептеңіз. Жылдамдықты минутына 1000-нан 6000 айналысқа дейін өзгерте отырып, прецессия жылдамдығының өзгеруін қадағалаңыз. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

 

w ....
W              

 

Прецессия жылдамдығының гироскоп айналысының бұрыштық жылдамдыққа тәуелділігінің графигін салыңыз.

5. Гироскоп айналысы жылдамдығының берілген мәндері (3000-4000 айн/мин) үшін прецессия жылдамдығының иін жүгіне, оны шкала санының екі жағына дейін тепе-теңдік күйден әр рет 5 мм-ге ығыстыра отырып, тәуелділігін өлшеңіз. Нәтижелерді кестеге толтырып, прецессия жылдамдығының айналдырушы моментіне тәуелділік графигін салыңыз.

 

А 5мм 1см 1,5см .....
         

 

6.Салған графиктерден гироскоптың инерция моментін анықтаңыз.

 

Ескерту.Гироскоп дәл теңгерілмеуі мүмкін - ауырлық ортасы айналыс осьтерінің қиылысу нүктесімен сәйкес келмейді. Бұл кейбір бұрылу бұрыштарында тік осьтің жылжымай қалуына әкелдіреді. Сондықтан жұмыс барысында осындай жағдайды болдырмайтын бұрылу бұрыштарын таңдау орынды.