Лшеулер жүргізу реті

1. Қондырғыны қосып, 5-10 минутқа қыздырыңыз. Жұмысты орындау алдында тербелістің изохрондығының диапазонын анықтау керек. Маятникті тепе-теңдік күйінен (маятник ұзындығы 50 см) 3 см-ге ауытқытып, «пуск» батырмасын басып, маятникті босатыңыз. Аспап автоматты түрде тербеліс санын және шариктің тепе-теңдік күйді өткендегі уақытын санай бастайды. Тербеліс саны 29-ға жеткен кезде, «стоп» батырмасын басыңыз. Тербеліс саны 30-ға жеткенде санау тоқтайды.

Өлшеулерді 5, 7, 10, 15 см үшін қайталаңыз.

Тербеліс периодының бастапқы амплитудаға тәуелділік графигін салыңыз.

2. Маятниктің ұзындығын 5см-ге ұзарта отырып, тербеліс периодының ұзындыққа тәуелділігін өлшеңіз. Т=f() графигін салыңыз. Амплитуданы өлшегенде жұмыстың бірінші бабына сәйкес тербеліс периодының орта мәнінен ауытқуы 0,5%-ға артпайтындай етіп таңдаңыз.

3. Еркін түсу үдеуін анықтаңыз.

 

Жаттығу №2. Физикалық маятник

Математикалық маятникте маятникті құраушы нүктелік масса тек ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Бұл тұжырымның қолайлылығы алынған шешімді ілгерілемелі қозғалысқа аударуға, мысалы серіппедегі жүк тербелісіне мүмкіндік береді. Тәжірибеде маятниктің тербелісін, инерция моментін енгізу жолымен және маятниктің бұрылу бұрышына қатысты тербеліс теңдеуін жазу керек.

Массаларының таралуы еркін алынған және сыртқы ауырлық күш әсерінен горизонталь ось бойында тербеліс жасайтын денені физикалық маятник деп атайды. Оның іліну нүктесіне қатысты инерция моменті мынаған тең:

мұндағы m – стержень массасы, l- оның ұзындығы, a – массалар ортасынан іліну нүктесіне дейінгі қашықтық. Бұл жағдайдағы тербеліс периоды

,

шамасын есептемейтін аз тербелістер үшін.