Лшеулер жүргізу реті

Өлшеу жеке маятникте немесе автоматтандырылған ELWRO қондырғысында жүргізіледі.

1. Қондырғыны желіге қосыңыз және оны 10-15 минут бойы қыздырыңыз.

2. Маятникті тепе-теңдік күйінен 2-3 см-ге ауытқытып қоя беріңіз. «Сброс» батырмасын басыңыз. Маятник өзінің қозғалысы кезінде жарықтандырғыштан фотоэлементке баратын сәуле жолын периодты кесіп отырады және уақыт есептеуіші мен тербеліс санауышын іске қосатын импульстар береді.

Уақыт санауышы үзіліссіз жұмыс жасайды, периодтар санауышы фотоэлементтен келетін импульстармен іске қосылады да, маятниктің толық тербеліс санын есептейді.

100 тербеліс санаңыз. Ол үшін санауыш терезесінде 99 саны көрінгенде «Стоп» батырмасын басыңыз. Терезеде 100 саны пайда болғанда санауыштар есептеулерін тоқтатады. Уақыт санауышының көрсеткішін жазып алып, тербеліс периодын анықтаңыз.

3. Маятникті аударып, екінші призмаға іліңіз. 2-бапта айтылған өлшеулерді қайталаңыз. Тербеліс периодын тағы анықтаңыз.

4. Жүктердің біреуін бір бөлікке (1см) жылжытыңыз. Содан соң маятникті бірінші және екінші призмаларға іліп, тербеліс периодтарын қайта өлшеңіз.

5. Өлшеулерді жүктің жеті орны үшін қайталаңыз. Бұндайда маятниктің еркін ұшындағы жүкті орын ауыстырған ыңғайлы. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

 

Орын ауыстырған жүктің күйі Тербеліс периоды
1 призмаға қатысты 2 призмаға қатысты

 

Бір графикте бірінші және екінші призмалардағы тербеліс периодтарының ығыстырылатын жүк орнына тәуелділігін салыңыз. Екі қисықтың қиылысу нүктесі бірдей тербеліс периодын беретін болады.

l=0.3824м деп алып, еркін түсу үдеуін есептеңіз.