Бақылау сұрақтары

1. Өшетін тербелістердің дифференциялды теңдеуін жазыңыз.

2. Физикалық маятниктің еркін өшетін тербелістерінің амплитудасының уақытқа тәуелділігінің аналитикалық түрі қандай? Қандай координаталарда бұл тәуелділікте түзу сызық береді?

3. Өшу коэффициентін b графиктен қалай табамыз? b-ны біле отырып, логарифмдік өшу декременті мен жүйе төзімділігін Q қалай анықтаймыз?

4. Орта кедергісі бар кезде еркін тербелістер периоды қалай өзгереді (артады немесе кемиді)?

5. Еркін тербелістер деп қандай тербелістерді айтады? Оның амплитудасы, бастапқы фазасы және жиілігі немен анықталады?

6. Логарифмдік өшу декременті деп нені түсінеді? Бұл шама жұмыста қалай анықталады?

7. Жұмыста еркін тербелістер жиілігі қалай анықталады? Еркін тербелістер жиілігі мен меншікті тербелістер жиілігі арасындағы айырмашылық неде? Олар қашан сәйкестенеді?