Лшеу қателіктерін есептеп үйрену

 

Жұмыстың мақсаты: Нақты және жанама өлшеулер кезіндегі жіберілген салыстырмалы және абсолют қателіктерді анықтайтын тәсілдермен танысу. Жүйелі қателіктер жөнінде түсініктер алу және өлшеу шарттарының ең тиімді жолын таңдау.

Қажетті құрал-жабдықтар: ELWRO қондырғы (өлшеу қателіктерін білу үшін).

Бұл жұмыста өткізгіш материалының меншікті кедергісін өлшеумен қатар, өлшеу нәтижесінде жіберілген қателіктер қарастырылады. Мектепте оқытылатын физика курсынан белгілі, өткізгіш кедергісі мына формуламен анықталады.

 

 

мұндағы: R - өткізгіш кедергісі, l – оның ұзындығы, S – көлденең қима ауданы, – меншікті кедергі.

Кедергіні ток күшінің өзгерісі және өткізгіштегі кернеу арқылы анықтауға болады. Сонда меншікті кедергі мынаған тең:

 

Бұл – жанама өлшеу түрі, бұл жағдайда ток күші, кернеу, ұзындық және өткізгіш диаметрі өлшенеді де меншікті кедергі осы шамалар арқылы табылады.

ELWRO қондырғысы мен меншікті кедергі өлшенеді, сонымен бірге оның ток стабилизаторының түзегіші, амперметрі, вольтметрі бар. Алынған нәтижелерді тексеру үшін қондырғыға кедергіні өлшейтін көпірлік сызбаны (схема) қосуға болады.

Амперметр және вольтметр өткізгішке екі тәсілмен қосылады:

 

 

 

R R

 

1 2

 

Осыдан әр түрлі тәсілдер арқылы келетін жүйелі қателіктерді көру қиын емес. Бірінші тәсілде вольтметр өткізгіштегі және амперметрдегі кернеудің кемуінің қосындысын өлшейді, яғни жоғарылатылған кернеу алынады.

Екінші тәсілде амперметр өткізгіш арқылы ғана емес, вольтметр арқылы да өтетін ток күшін өлшейді, бұл жоғарлатылған ток күшін береді. Қысқа өткізгіштің аз кедергісін өлшеу керегін ескере отырып, бірінші жағдайда қателік көп болады, өйткені өткізгіш пен амперметр кедергілері шамасы жағынан салыстырмалы, ал вольтметрдің кедергісі өткізгіш кедергісінен әлдеқайда көп.