Заттардың тығыздығын анықтау

(ұзындықты, массаны өлшеу)

 

Жұмыстың мақсаты: Дененің сызықтық өлшемдерін, көлемі мен массасын өлшеген кездегі қолданылатын басты тәсілдермен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Штангенциркуль, микрометр, таразы, стакан, әр түрлі пішіндегі қатты денелер, тазартылған су, май, глицерин.

Тығыздық деп дененің масса бірлігінің көлемге қатынасын айтамыз. Жалпы жағдайда, әр түрлі нүктелердегі тығыздық әр түрлі және массаның көлемге қатынасының туындысы арқылы анықталады.

 

 

Біртекті дененің тығыздығы массаның көлемге қатынасы арқылы табылады.

Сонымен, тығыздықты анықтау үшін дененің көлемі мен массасын өлшеу керек.

Дұрыс пішінді геометриялық денелердің көлемін өлшеу – дененің сызықтық өлшемдерін – ұзындығын, ені мен биіктігін өлшеу арқылы жүзеге асады.

Жаттығу №1. Дұрыс пішінді дененің тығыздығын өлшеу

1. Микрометрді және штангенциркульді қолдану әдістерімен танысу.

2. Штангенциркульмен берілген қатты дененің қалыңдығын xi ұзындығы yi мен енін zi 10 рет өлшеу керек.

3. Дененің m массасын анықтаңыз.

4. Стьюдент коэфициентін tр, n-1 кестесі бойынша өлшеу сандары (n-1) мен берілген сенім ықтималы Р үшін табу керек.

 

№ п/п уi, мм <у>, мм Dуi, мм (Dуi)2   S<у> Ру tp, n-1 eу qу, мм Dу, мм
                   

 

 

№ п/п zi, мм <z>, мм Dzi, мм (Dzi)2   S<z> Рz tp, n-1 ez qz, мм Dz, мм
                   
№ п/п xi, мм <x>, мм Dxi, мм (Dxi)2   S<x> Рх tp, n-1 ex qx, мм Dх, мм
                   

 

5. Берілген сенім ықтималы Р арқылы тура өлшеудің нәтижелерінің сенім аралықтарын есептеу керек.

6. Орташа мәндері бойынша, заттың тығыздығын <r> есептеңіз және зат дайындалған материалдың тығыздығын анықтамалық кестеден табыңыз.

7. Салыстармалық қателік пен сенім аралығын анықтаңыз.

8.Өлшеудің соңғы нәтижесін жазыңыз.

 

 

Жаттығу № 2