Электр қозғаушы күш

Егер өткізгіште электр өрісін тудырсақ және оны сақтауға әрекет жасамасақ, онда заряд тасушылардың қозғалысы өткізгіш бойындағы өрістің тоқталуына әсер етеді, демек ток жүрмейді. Токты мейлінше ұзақ уақыт ұстап тұру үшін біз ток тасыған зарядтарды өткізгіштің потенциалы аз (оң заряд тасушылар) ұшынан, оның жоғарғы потенциалды ұшына үздіксіз беріп тұруымыз керек. Басқаша айтқанда, зарядтар үздіксіз тұйық жолмен қозғалатындай етіп, зарядтардын шыр айналысын туғызуымыз қажет. Электростатикалық өрістің векторының циркуляциясы нольге тең. Сондықтан тұйық тізбекте, оң зарядтардың дің азаю жағына қарай бағыттала қозғалған учаскесімен қатар, оң зарядтардың дің өсу бағытына қарай яғни электростатикалық өріс күшіне қарсы қозғалатын да учаскесі болуы тиісті. Осы учаскедегі тасушылардың орын ауыстыруы тосын күштер деп аталатын тек электростатикалық емес тектегі күштердің әсерінен болады, сөйтіп токты ұстап тұру үшін не тізбек тің барлық бойына, не оның жеке учаскесіне әсер ететін тосын күш қажет. Тосын күштерді олардың тізбектегі зарядтардың орын ауыстыруында жасаған жұмысы арқылы сипаттауға болады. Тізбекте немесе оның учаскесіне әсер ететін бір өлшем оң зарядқа келетін тосын күштің жұмысына тең шама, электр қозғаушы күш деп аталады.Демек зарядына тосын күштердің істеген жұмысы болса, онда анықтама бойынша .