Фотонның массасы мен импульсі

 

Фотон материалды, электрлік, нейтралды бөлшек.

Фотон энергиясы немесе , ,

Фотонның массасы

Импульсінеарналған өрнектерді аламыз:

Фотонның негізгі қасиеттері

Ø Фотон электромагниттік өрістің бөлшегі болып табылады

Ø Тек жарық жылдамдығымен қозғалады

Ø Иек қозғалыста фотон бар

Ø Фотонды тоқтатуға болмайды, ол қозғалыста не фотон жоқ, тыныштықта фотон массасы нольге тең.

Жарықтың бір уақытта таралу заңдылықтарында, интерференция, дифракция, поляризация құбылыстарында байқалатын толқындық және жарықтың затпен әсерлесу құбылыстарында (жарық шығару, жұту, шашырату) көрінетін корпускулалық қасиеттері бар

Жарықтың қысымы

Егер фотонның импульсі болса, онда денеге түскен жарық осы денеге қысым түсіру қажет.

Айталық, жиілігі монохромат сәуле бетке перпендикуляр түссін. Егер ішінде 2 бетке N фотон түссе, онда жарықтың беттен ρ шағылу коэффициентінде дененің бетінен ρN фотон шағылады, ал (1-ρ)N фотон – жұтылады. Әрбір жұтылған фотон бетке рγ импульс береді, ал әрбір шағылған фотон – -2рγ. Жарықтың бетке түсірген қысымы 1с ішінде N фотоның бетке беретін импульсіне тең:

Беттің энергетикалық жарықталуы: (бірлік уақыт ішінде бірлік ауданға түскен барлық фотондардың энергиясы). Жарық энергиясының көлемдік тығыздығы:

.

Сонда:

Максвелл теңдеулеріне негізделген жарықтың толқындық теориясы дэл осындай нәтижеге алып келеді. Жарықтың толқындық теориясында жарықтың қысымы электромагниттік толқынның электр өрісі әсерінен металдардағы электрондар -ге қарсы бағытта қозғалуымен түсіндіріледі (суретте белгіленген бағытта). Электромагниттік толқынның магнит өрісі қозғалыстағы электрондарға металл бетіне перпендикуляр бағытта Лоренц күшімен әсер етеді (сол қол ережесі бойынша). Демек, электромагниттік толқын металл бетіне қысым түсіреді.

Комптон эффекті

Жарықтың корпускулалық қасиеттері Комптон эффектінде айқын байқалады – қысқа толқынды электромагниттік сәулелердің (рентген және γ сәулеленудің) заттың бос (элсіз байланысқан) электрондарында серпімді шашырауы. Осының салдарынан толқын ұзындығы ұзарады. Бұл ұзару түскен сәуленің толқын ұзындығына және шашыратқыш заттың табиғатына тәуелді емес, тек шашырау бұрышымен ғана анықталады:

Мұндағы λ’шашыраған сәуленің толқын ұзындығы, λСкомптондық толқын ұзындығы. Электронда шашырағанда:

Фотон (әнергиясы және импульсі ) электронмен соғылғанда ( электронның тыныштықтағы әнергиясы , - электронның тыныштықтағы массасы), оған өз әнергиясының және импульсінің бір бөлігін береді де қозғалыс бағытын өзгертеді (шашырайды). Осы серпімді соқтығыс кезінде әнергияның және импульстің сақталу заңдары орындалады, мұндағы - соқтығыстан кейінгі электронның релятивлік әнергиясы.

Сонымен

,.

Бұдан . ескерген мына өрнекті аламыз:

.

Комптон эффекті спектрдің көріну аймағында бақыланбайды, себебі көрінетін жарық фотонының әнергиясы электронның атоммен байланыс әнергиясына жуық, мұндай жағдайда тіпті атомның сыртқы электроның бос деп санауға болмайды.

Комптон эффекті, абсолют қара дененің жарық шығаруы және фотоэффект, жарықтың кванттық (корпускулалық) қасиеттерінің бар екенін көрсететін дэлел болып табылады.