Атомдың спектрлер

Берілген дене шығаратын (немесе жұтатын) электромагникттік сәуле жиіліктерінің (немесе толқын ұзындықтарының)жиыны шығару(немесе жұтылу) спектрі деп аталады. Қыздырылған қатты денелер,сұйықтар,тығыз газдар тұтас спектр шығарады.

Өзара бірімен-бірі әсерлеспейтін, еркін атомдардың спектрі жеке толқын ұзындықтардан (немесе жиіліктерден), яғни жеке спектрлік сызықтардың белгілі жиынтықтарынан тұратын сызықтық спектр болады. Молекулалар жолақ спектр шығарады- белгілі жолақтар немесе тығыз орналасқан сызықтар топтарын шығарады. Атомдардың сәуле шығару спектрлері атомдардың оптикалық қасиеттерінің маңызды сипаттамалары. атом спектрі сызықтық спектр. Әрбір химиялық элемент атомының және әрбір зат молекуласының тек өзіне тән спектрі болады. Демек спектрі бойынша заттың химиялық құрамын талдап, анықтауға болады.