Денеге Жердің тартылу күшімен әсер ететін күшті ауырлық күші деп атайды.

Дененің Жерге тартылуы кезінде оған қарсы әсер ететін екінші денеге түсетін күшті салмақ деп атайды.

Егер Жерге қатысты үдеу болса, онда , егер дене еркін қозғалыста болса , онда Р=0, яғни дененің салмағы жоқ.

Үйкеліс күші

Үйкеліс күші деп денелердің бір-біріне қатысты үйкеле отырып орын ауыстыруын айтады.

мұндағы k - үйкеліс коэффициенті, N-қалыпты қысым күші.

Бұл теңдеуден, үйкеліс күші үйкелетін денелердің ауданына байланысты емес, ол денеге түсірілген қысымға тура пропорционал екендігі шығады. Үйкеліс коэффициенті үйкелетін денелердің табиғатына байланысты.

Табиғатта және күнделікті өмірімізде үйкеліс күші көп кездеседі. Оның пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар.

 

Серпімді күштер

Кез келген дене түсірілген күштің әсерінен деформацияланады, яғни өзінің өлшемі мен пішінін өзгертеді. Егер күштің әсерін тоқтатсақ, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін алады, мұндай деформацияны серпімді деп атайды.

Әр дененің өзіне тән серпілу шегі болады, егер күш осы шектен аспаса серпімді деформация байқалады.

Серпімді күш - серіппенің тыныштық күйден ығысуына (ұзаруына не қысылуына) тура пропорционал:

мұндағы k- пропорционалдық коэффициент, ол серіппенің қатаңдығы деп аталады, x-серпімді деформация.