Механикалық жұмыс

Жұмыс деп әсерлесуші денелердің бір-бірімен энергия алмасуының сандық өлшемін айтады.

Түзу сызықты қозғалыс кезінде күш тұрақты және орын ауыстыру бойымен бағытталған жағдайда жұмыс күшімен оның түскен нүктесінің орын ауыстыруының көбейтіндісіне пропорционал, яғни

мұндағы k – пропорционалдық коэффициенті, егер k=1 және болса онда,

F – денеге түсірілген күш, S – орын ауыстыру, a - күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы бұрыш.

Сонда жұмыс шамасы сан жағынан F – күштің, күш түсірілген нүктенің S – орын ауыстыруының және күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы a бұрышы косинусының көбейтіндісіне тең болады. Жұмыс – скалярлық шама.

Егер күш бағыты мен орын ауыстыруының арасындағы бұрыш сүйір () болса, онда .

Егер күш бағыты мен дененің орын ауыстыруының арасындағы бұрыш доғал болса, . Бұл жағдайда күш теріс жұмыс жасамайды, керісінше жұмыс түсірілген күшке қарсы істелінеді.

Егер күш пен орын ауыстыру арасындағы бұрыш болса, , яғни А=0 жұмыс жасалмайды.

Жұмыстың өлшем бірлігі – Джоуль (Дж), 1Н күштің 1м жолда жасаған жұмысы 1Дж=1Н·м

 

Қуат

Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысын қуат деп атайды.

мұндағы dA – жұмыс, dt – уақыт, яғни қуат – жұмыстың уақыт бойынша алынған туындысы.

Егер қозғалтқыштың (двигательдің) жұмыс істеуі кезінде қуаты тұрақты болса, оның қозғалысы бір қалыпты болады, ендеше қуат:

күш векторының жылдамдық векторына скалярлық көбейтіндісін береді.

Қуаттың өлшем бірлігі - Ватт (Вт), 1Вт – 1с –та 1 Дж жұмыстың жасалуы, 1Вт=1Дж/с.