Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі биологиялық химия – тірі ағзалардың тіршілігінің негізіне жататын, сонымен бірге адамның ұлпалары мен мүшелеріндегі метаболизм ерекшеліктерімен олардың реттелуінің молекулалық деңгейде өтетін химиялық процестерін зерттейтін іргелі ғылым.

Жасушалардың, ұлпалар мен мүшелердіңтіршілігінің негізіне жататын негізгі метаболиттік процестерді білу, болашақ дәрігер үшін патологиялық жағдайлар кезінде олардың себептері мен бұзылуларын түсіну үшін қажет.

Биологиялық химияны оқып үйрену кезінде алынған білім болашақ дәрігерге биохимиялық әдістемелерден біршама ақпараттысын таңдауға, оларды аурулардың диагностикасы және емдеу тиімділігін бақылауда білікті интерпретациялау үшін қажет.

Бағдарлама құрамы биохимияның статикалық, динамикалық және функционалдық тәріздес іргелі бөлімдерінен құралған, сонымен бірге «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған сұрақтар да қарастырылған.

Биолоогиялық химияны оқып үйрену үшін химия, молекулалық биология және медициналық генетика, анатомия, гистология, медициналық биофизика және физиология пәндері бойынша білімдері болуы қажет.

Пәннің мақсаты: студенттерде негізгі метаболиттік процестердің молекулалық механизмі мен олардың реттелуі, сонымен бірге олардың адам ұлпалары мен мүшелерінде жүруінің ерекшеліктері туралы, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика мен емдеу тиімділігін бақылауға қолдану туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру.

Пәнннің міндеттері: