Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Генетика барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиетті тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін

биология ғылымының басты бір болып саласы болып есептеледі. Адам баласы әрқашанда тіршіліктің сырын терең ұғынуға, оның құрылымдық функционалдық ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделуін, даму заңдылықтарын білуге ұмтылып отырған. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып және оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы үлкен роль атқарады. Сондықтан да ол биология ғылымының басқа салаларыныың арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы, олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа берілп отырады. Басқаша айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата анасына ұқсас болып туылады. Оны тұқымқуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде беріліп отырады, яғни ұрпағы өзінің ата аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық ешқашанда болмайды. Бір ата анадан тарайтын ұрпақтың бір біріне қандай болмасын бір бөлігі қасиетінде айырмашылығы да болады. Организмнің тұқымқуалаушылық қасиеті өзгермейтін нәрсе емес. Ол сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік дейді. Организмнің көбею барысында бір белгі қасиеттердің тұрақты түрде сақталуымен қатар екінші біреулері өзгеріске ұшырайды. Соған байланысты олар жаңарып, түрленіп отырады. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік бірімен бірі қатар жүретін, бір жағынан бір бірімен қарама қайшы сөйте тұра өзара тығыз байланысты процесстер. Организмдердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды.