рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Адам био

Адам био - раздел Биология, Адам Биоәлеуметтік Түр РетіндеӘлеуметтік Э...

Адам биоәлеуметтік түр ретіндеӘлеуметтік экология қоғамдық құрылымдардың олардың айналасындағы табиғи және әлеуметтәк ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалар бірлестігі. Адам ғылымдардың бірлестігі әлеуметтік экологияның ғылым ретіндегі орталық мәселесі. Экологиялық пайымдау адам мүддесі үшін ортаның қайта жасалуының динамикалық түтастығын түсіну және табиғаттың табиғи жуйелерін сактап калу.Адам биоэлеуметтік түр ретінде адамзат биологиялық заңдылықтарға да, әлеуметтік заңдылықтарға да бағынады, сондықтан Жер бетіндегі адам бірден бір биоэлеуметтік түр б.т. Адам бірегей құбылыс.ол биологиялық үрдістерден әлеуметтілерге кқшуді жузеге асырады.Қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде әлеуметтік рөлі өте мағызды болды.саналы адамның түр ретінде пайда болуының негізі.бұл ұжымдық тіршілік ету жағдайында оның иегерлерінің басымдылығын анықтаған бейімділік.

Адамды қоршаған орта антропогендік факторларға әсер ететін арнайы ерекшеліктер.Қоршаған ортаны ластайтын ең бір қауіпті заттардың бірі – мұнай. Мұнай қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат,оның құрамы 3000-дай қоспадан тұрады және олардың көпшілігі оңай тотығады. Сондықтан мұнай және мұнай өнімдері өсімдіктер мен тірі ағзаларға зиянды уландырғыш заттармен кең көлемде әсер етеді. Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынанқалыптасады.Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.Мұнай және газ құбырларын салу кезіндегі қорщағаг ортаның ластану мәселесінің жағдайын зерттеу барысында,өнім өндіру кезінде мұнаймен,мұнай өнімдерімен және мұнай газдарымен,олардың жанғаннан кейінгі өнімдерімен,күкіртсутегі,күкірттотығы,ағынды судың минералдануы салдарынан ластанудың жиі болып тұратыны анықталды. Бұрғылау ерітінділері және бұрғылау кезінде түілген қалдықтар,түрлі беттік әрекеттізаттар,фенолдар,альдегиттер және бұрғылауды жылдамдату үшін қолданылатын басқа реагенттер ластануға әсер етеді. Сол себепті қоршаған орта ластанудан қорғауға бағытталған іс шараларды одан әрі жетілдіру керек. Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы мүмкін. Экологиялық зиян қоршаған ортаның, атмосфераның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайының (сапасының) нашарлауы. Әлеуметтік зиян - адамдардың денсаулығына, әлеуметтік тұрмысына, тіршілігіне келетін зиян. Экономикалық зиян - шаруашылық әрекеттерге келетін зияндардың ақшалай өлшемі. Қоршаған ортаның ластануынан адамдардың денсаулығынан бастап тұрмыстың, шаруашылықтың барлық салаларына зиян келеді: еңбек өнімділігі төмендейді, өнімдердің саны кемиді, сапасы нашарлайды, құрал - саймандар, жабдықтар коррозияға ұшырайды, топырақтың, судың, ауаның сапасы нашарлайды. Бір сөзбен айтқанда материалдық, рухани - эстетикалық, мәдени, тарихи, құқықтық және т. б. зияндар келеді.

Адам популяциясы сандарының табиғи реттеуші михонизмдерінің бұзылуы. Адам популяциясының даму жіне осу салдары. Популяция - түрдің табиғаттағы элементарлы структурасы. Популяция (латынша "рориіиз" - "халық") - бір түрге жататын, бір-бірімен өзара еркін будандасатын, белгілі бір территорияны мекендейтін особьтар жиынтығы. Популядияда үнемі тұқым қуалаушылық өзгерістер, тіршілік үшін күрес,табиғи сұрыпталу жүріп, |нәтижесінде берілген жағдайда пайдалы болатын өзгерістері бар ұрпақтар өсіп жетіледі, дамиды. Осылайша, популяция эволюциялык бірлік болып табылады.Эволюция процесінің барысында әр бір түрде белгілі тіршілік ету орта жағдайларына бейімделушіліктер пайда болады.Түрді анықтау үшін бір ғана критерийді пайдаланужеткшіксіз, сондыктаң да особьтардың түрлі белгілері мен касиеттерін дэлелдейтін критерийлердің жиынтығы ғана түрді сипаттай алады. Ал, популяция, белгілі орта жағдайларына бейімделген турлердің тіршілік ету формасы. Популяцияның құрылымы мен сипаттары.Популяция — белгілі бір аумақты мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі кұрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, кобею, орта жағдайларының озгерісіне бейімділігі, генетикалык шығу тегі, экологиялык жағдайлары жатады. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес жүріп, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар элементар (жергілікті), экологиялык, географиялык популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу белгілі орыс ғалымы Н.П. Наумовтың жүйесіне негізделеді.Популяция санының ауытқуы мен динамикасына әсер ететін факторларПопуляция саны оның тығыздығына байланысты үш түрлі болады: оның бірінші типінде популяцияның өсу жылдамдығы тығыздығы артқан сайын төмендейдіАдам популяциясының түрлеріМендельдік популяция Сан мөлшері өте көп, үлкен аумақты мекендейді, еркін некелеседі. Мұны идеялдық популяция деп те атайды. Үлкен популяция жеке ұсақ популияциялардан құралады.Демдер популияциясы. Адам саны 1500 -4000-ға дейін болады. Топ ішілік некелесу жилігі 80- 90 % басқа популяциядан енген особьтар.ИзоляттарАдам саны 1500-ден аспайды. Топ ішілік некелесу жилігі 90% дан жоғары. Басқа плпуляциядан енген особьтар 1%дан төмен. Өзбекстанда, Қиыр шығыста, Тәжікстанда кездеседі Популяцияның генетикалық құрылымына некелесу типі эволуциялық факторлар әсер етеді. адамның өмірі мен жануарлардың тіршілігі атмосфералық оттекті жасаушы жасыл өсімдіктерсіз мумкін емес. Адам мен жануарлар өсімдіктердін жасаган органикалык заттарымен коректенеді. Осылайша фотосинтез процесінің нәтижесінде жасыл өсімдіктер алғашқы биологиялық өнім мен оттегі түзіп, Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуына жағдай жасайды.Біздің планетамыздағы жануарлар биомассасы мөлшерінің өте аз, бар болғаны бүкіл биосферадағы тірі заттың 2% ғана кұралады.Жануарлардың көп түрлігінің әсіресе биосферадағы негізгі процесс-заттар мен энергияның биотикалық айналымы үшін маңызы зор.Жануарлар дүниесінің ресурстарына сол сияқты үй жануарлары да, бағалы терілері үшін аң фермерларында өсірілетін жабайы түрлер де жатады.Өсімдіктер мен жануарлардың сақтап қалу үшін қорықтар мен қорықшылар ашып, бағалы және пайдалы түрлері көбейтідің арнаулы іс-шаралары жасалынып, оларды аулауға шек қойылады.153. Биосфера-біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік еті іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты.В.И.Вернадский. Академик В.И.Вернадскийдің биосфера жөніндегі негізгі идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Алғаш рет 1926 жылы оның БИОСФЕРА атты еңбегі жарыққа шықты.В.И.Вернадский биосфера- табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарынығ бір-бірімен озара әсері болып табылатын тіршілік аймағы деп қарастырады.Осылайша В.И.Вернадский: биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергияны әсерінен болатын химиялықэлементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін организмдердің көбеуі, өсу және зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:

1.ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;

2.эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

3.ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңт. Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.

Антропогенездің қозғаушы күштері.Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторларыАдам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.Фридрих ЭнгельсОсындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялықзаңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының біріКез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күшіКез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф.Энгельс адамныңарғы ата тегін топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл — бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратадыАдамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның, бірінші кезеңі — қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу. Екінші кезең — жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаға ықпал жасай бастады. Үшінші кезең — XV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфера

Антропогендік биогеохимиялық шет аймақАнтропогендік биогеохимқ шет аймақтар олар адам қызметінің нәтижесінде п.б өнірлер, олардың санына қоршаған ортаны химқ заттармен ждел ластайтын көздер айналасында қалыптасатын техногендік биогеохимиялық аймактар да жатады.

Биогеохимқ техногендік аномолияларды боледі: техногендік фотогеохимқ химиялық заттардың өсімдіктерде жиналуы, техногендік зоогеохимқ химқ заттардың ұй жануарларда жиналуы, техногендік антропеогеохимқ химқ заттардың адам организмдерінде жинакталуы.

Антропогендік биогеохимлы шет аймақтар туралы зиянды заттардың коздер; мунайгаз ондіруші және мунай газ ондеуші өнеркәсіптер, түсті және кара металлургия, комір және жылуэнергетикалық өнеркәсіп, автоколәк болады.

Aрал дагдарысы. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. Арал апатына себеп болған факторлар:

жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

 

Ауыл тұрғын жерлерінің урбанизациясы оның салдары.

Осылыйша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне…   .Ауылдың экологиялықжағдайын анықтайтын факторлар.

Алылдың қорошаған орта нысандарының ластану көздері.

- өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылған заттар; - көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан… - жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы

Биогеохимиялық негізгі көміртегі азот оттегі фосфор кукірт айналымы

Көміртегінің айналымы.фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген… Азот айналымы.Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі… Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының…

Биосфера жаһандық экожүйе ретінде.Биосфера түсінігі

Биосфера эволюциясы. Биосфера дамуының пайда болуындағы Вернадскийжн іліміБиосфера эволююциясы-түрлердің,оолардың ара… Биосфера ұғымы алғаш рет ғылымда 19ғ. Француз…  

В.ИВернадскийдің биосфера туралы ілімі.

В ИВернадскидін атомнын биогенді миграция заны. Биосфера-біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам… Академик В.И.Вернадскийдің биосфера жөніндегі негізгі идеялары ХХ… В.И.Вернадский биосфера- табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарынығ бір-бірімен озара…

Заттар айналымының ролі үлкен геологиялық және кіші биохимиялық,биогеохимиялық айналымдар.

биогеохимиялық айналымдар.организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық… Көміртегінің айналымы.фотосинтез үшін… Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының…

Азакстаннын су ресурстары.

Қазақстанның кейбір аудандарындағы топырақ деградациясының себептері. Қазақстанның… Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де…  

Ала урбанистикалық жүйе ретінде.Урбожүйенің табиғи жүйеден айырмашылығы.

 

Аланы ластаушы химиялық көздері

 

Аланы ластаушы физикалық факторлар және көздері

Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық… Ағылшынша Noise pollution, Lның немiсi (акустикалық )… Мысалы, тұрғын аудандардағы даңғырлатып ойнайтын ластануын деңгей қалада…

Оғамдық бірлестіктердегі қошаған ортаны қорғау облысындағы азамат құқығы мен міндеттері.

1.Әрбір азаматтық және ҚР-ң аумағында тұратыназаматтығы жоқ адамдардың сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта,оның жай-күйітуралы дұрыс ақпарат алуға,қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтіретін залалдың өтеуін алуға құқығы бар.2.Азаматтардың белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға,оларды қорғауға және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға,қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға.Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға,қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға митингілерге,пикеттерге,шерулер мен демонстрацияларға,референдумдарға қатысуға.Қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар,шағымдар,арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды талап етуге міндетті.Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап оған қатысуға,кәсіпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де обьектілерді орналастыру,салу,қайта құру және пайдалануға беру туралы және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық қызметін шектеу,тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі үшін жоюға талап ету.Айыпты ұйымдарды лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелерді қою.3.Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау,қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары орындау141.КОРШАГАН ОРТА-табиги обектилердин сонын ишинде озара карым-катынасты,ауаны,суды,топыракты,жер койнауын,осимдиктер мен жануарлар дуниесин,климатты коса алгандагы табиги ресурстардын жанды жане жансыз жиынтыгы. Коршаган ортаны коргау нысандары:жер,жер койнауы,жер усти жане жер асты сулары,ауа,орман,осимдиктер мен жануарлар,тири агзалардын емдик коры,табиги экожуйе климаты,жердин озон кабаты,осыган коса ерекше коргауга алатын аймактар мен мемлекеттик табиги корыктар

Қоршаған ортаны инженерлік қорғау. Табиғатты қорғау шараларының жіктелуі. Өсімдіктен мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету.Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми техникалық прогрес, өндіргіш күштердің бұрын соңды болмаған ауқымды дамуы адамның табиғатқа араласуын күшейтті. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының өқарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюына, олардың өспи кеміп қалуына әкеліп соктыруда. Жаңа елді мекендер мен ірі қалалардың, мұнай мен газ өткізу жолдарының, электр тасымалдау жолдарының автомагистральдар мен теміржолдардың тез қарқынмен салынып, бой көтеруі, өзендер а,ысын артық реттеу, тың және тыңайған жерлерді игеру табиги шоп өсетін өнірдің азая түсуіне жол ашты.

Азіргі қалалардың экологиялық мәселері.

Литосфера биосфера элементі. Топырак – жер кыртысынын жогаргы кунарлы кабаты. Коршаган ортанын баска нысандарымен салыстырганда топырактын озiне тан…

Литосфераға антропогендік факторлардың әсері

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7…

Литосфераны қорғау бойынша шаралар.

бақылау нысандарын бөліп шығару ( анықтау) топырақ ластану нысанын зерттеу-тексеру бақылау нысаны үшін ақпараттық модель құрастыру

Гидрофилдер -ылғал сүйгіш жаннуарлар (ақбас, маса, былқылдақ денелері және қосмекенділер).

Геофилдер -даму кезеңдерінің тек бір бөлігін топырақ ішінде өткізетін жануарлар. Оларға көпнесе… Геоксендер -топырақты жасырыну немесе тығылу үшін… Гомотиптік реакциалар - бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер.

Экологиялық қуыс- организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шартарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы.

Экологиялық жүйенемесеэкожүйе -зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организм мен бейорганикалық компонентер жиынтығы.

Экологиялық сукцессия тіршілік орнында түрлердің әртүрлі популяцияларының пайда болуы мен жойылуының белгілі бір ретілікпен жүретін маусымдық емес және заңды процессі.

Экологиялық проблема- “тірі жүйе – қоршаған орта” жүйесіндегі тепе -теңдіктің бұзылуынан тұратын қарама қайшылық .Экологиялық проблемаларөзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылық аймақ ) және жергілікті болады.

Экологиялық дағдарыс -(гректің бұрылмалы пункті) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны , вулкандардың атқылауы , өрт, жер сілкініс және т, б.) немесе антрпопогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, ормандардың кесілуі, және т. б. ) экологиялық тепе- теңдіктің бұзылу нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар.

Экожүйенің өзіндік даму дегеніміз-төзімсіз жағдайдан төзімді жағдайға өтуі.

Экожүйенің негізгі сипаттамасы - түрлік құрамының әртүрлілігі.

Бұның бірнеше заңдылықтары бар:

1 экожүйелер шегіндегі биотоптың жағдайлары неғұрлым алуан түрлі болса , соғұрлым тиісті биоценоздың түрлері көп болады.

2 экожүйенің құрамында неғұрлым түрлер көп болса , соғұрлым тиісті түр популяциялары особьтарының саны аз болады.

3 биоценоздың әртүрлілігі неғұрлым жоғары болса, экожүйенің экологиялық төзімділігі соғұрлым жоғары.

4 түрі өте аз (монодақылды агроценоздар ) адамдар пайдаланатын жүйелер табиғаты жағынан тұрақсыз және тепе – теңдікті сақтай алмайды.

5 экожүйенің ешқандай бөлігі басқаларынсыз іске аспайды.

Экожүйенің тұрақтылық мәселесін талдауды аяқтай келе, өте маңызды экологиялық “1% ережені” құрастыруға болады.

Табиғи жүйе энергияның шамамен 1% өзгеру жүйесін тепе- теңдік жағдайдан шығарады.

1 Барлығы бәрімен байланысты. Экожүйе – экологиялық тепе- теңдікте болады. Оны…

Барлығы үшін төлеу керек.

Қазіргі кезде дұрыс қолданбағандықтан бұзылған табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге, табиғи қорықтарды тиімді пайдалануды бақылайтын қызметті ұйымдастыру шығындарын өтеу керек.

Барлығын қайда болсын жіберу керек.

Табиғи экожүйелердің экологиялық тепе- теңдікті бұзбай – ақ , белгілі мөлшердегі зианды заттарды залалсыздандыру қабілеттілігі бар. Әсіресе, су экожүйесінің тазалау қабілеттілігі өте жоғары.Толығымен қалдықсыз технология болмаған. Осыған байланысты зиянды заттарды көмудің сенімді әдістері қажет.

Табиғат өте жақсы біледі

Тірі заттардың арнаулы қасиеттері мен ерекшеліктері: 1Биосфераның тірі заттары энергияның үлкен қорымен… 2 Тірі және өлі зат арасындағы күрт айырмашылық химиялық реакциялардың…

– Конец работы –

Используемые теги: Адам, БИО0.051

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Адам био

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Адам Смит
В четырнадцать лет он поступил в университет Глазго, начав свою дорогу к постижению мира. Упорно набирая знания и одолевая вечно мучившие его… Основой научной теории Адама Смита было стремление взглянуть на человека с… Но люди все же ухитряются каким-то образом сотрудничать друг с другом ради общего блага и личной выгоды каждого.…

Адам Смит
Из Оксфорда А.Смит вернулся в Эдинбург с намерением заняться самообразованием и чтением публичных лекций по английской литературе и политической… Уже тогда, судя по его лекциям, он придерживался принципов экономического… Путешествие длилось с 1764 по 1766 г т.е. более двух лет, из которых полтора года он провел в Тулузе, два месяца в…

Адам Смит - величайший английский ученый-экономист конца XVIII в.
Среди них Адам Смит является, несомненно, центральной фигурой. Адам Смит родился 5 июня 1723 г. в Шотландии в городке Кирколде,… Из Оксфорда А. Смит вернулся в Эдинбург с намерением заняться самообразованием и чтением публичных лекций по…

Адам Смит
Среди них Адам Смит является, несомненно, центральной фигурой.Адам Смит родился 5 июня 1723 г. в Шотландии в городке Кирколде, расположенном… С детства проявив способности к учебе, в 14 лет поступил в Глазговский… Уже тогда, судя по его лекциям, он придерживался принципов экономического либерализма и особенно принципа свободы…

Экономическое учение Адама Смита
В ХУ111 в. речь шла не только о новой науке, но и новой идеологии, переоценке самого места экономических ценностей в жизни общества. Особое место в… В их числе Адам Смит является, несомненно, центральной фигурой. И хотя… Влияние А. Смита на своих современников было настолько велико, что даже английский премьер-министр У. Питт - младший…

Адам Смит
После этого в Шотландии началось значительное экономическое развитие. Особенно быстро рос город и порт Глазго, вокруг которого возникал целый… Церковь утратила контроль над университетами.Шотландские университеты… Кроме названных в нее входят экономист Джемс Стюарт и философ Давид Юм (последний был ближайшим другом Смита), историк…

Адам анатомиясы
Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде… Ми бөлімдерінің өзара байланысы… Ми бөлімдері. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 б& #1257;лімнен…

Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады
СТУДЕНТ ЖАСТАР ОДА Ы... Жастар а пікір сайыс ойыныны... Діс т сілдерін йрететін...

По курсу БИО Органическая химия
Государственное образовательное учреждение... Высшего профессионального образования... Тамбовский государственный университет им Г Р Державина...

Электрофизиология. Фи­зио­ло­ги­че­ский смысл био­по­тен­циа­лов
Гу­мо­раль­ная сиг­на­ли­за­ция:

0.031
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам
  • БИО–ВЛАСТЬ в эпоху биотехнологий На сайте allrefs.net читайте: "БИО–ВЛАСТЬ в эпоху биотехнологий"
  • Джек Лондон. До Адама На сайте allrefs.net читайте: "Джек Лондон. До Адама"
  • Адам Смит Прижизни Смита книга выдержала 5 английских и несколько зарубежных изданий ипереводов. CМИТ Smith Адам крещен 5 апреля 1723, Керколди, Шотландия 17… В 1740 получилстепень магистра искусств и частную стипендию для продолжения… В 1762 Смит получил ученую степень доктора юридических наук. В1764 он оставил преподавание и отправился на континент в…
  • Анализ теории заработной платы Адама Смита Все предшественники Смита писали о том, как должно быть организовано общество, и только он сделал первый шаг к позитивной экономике, сказав, что… Смит рассматривал идею разделения труда, которое влечт за собой повышение… Как Кантильон, Петти и физиократы, Смит считал, что богатство прирастает производством, источником которого служит…
  • Социально-экономические взгляды Адама Смита Есть целый ряд проблем, стоящих на пути развития страны и, следовательно, требующих мобилизации экономических ресурсов, разработки четкого и… Однако, принять правильное решение нельзя без глубокого знания законов,… Но эти знания нужны не только для правильного понимания сегодняшних реалий, а также для осмысления истории.