рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі - раздел Биология, Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері Мендель өз Зертеулерінде Аллельді Гендердің өзара әре...

Мендель өз зертеулерінде аллельді гендердің өзара әрекеттесуінің тек бір ғана түрін геннің бір аллельінің толық доминанттылығы және оның екінші аллельінің толық рецессивтілігін ашты.мендельден кейін гендердің өзара әркеттесулерінің басқа формалары табылды.Олар қаншалықты көп болғанмен негізінен екі топқа бөлуге болады ;аллельді гендер арасындағы және аллельді емес гендер арасындағы өзара әрекеттесу.Аллельді емес гендер арасында болатын өзара әрекеттесулер өткен ғасырдың басында ашылды,онан соң бұл құбылысты зерттеу кең етек алып дамыды,көптеген жаңа фактілер табылды.Ол зерттеулер организмнің жеке басының өсуі және дамуы,оның ерекшеліктері мен белгілерінің қалыптасуы генотиптегі орасан көп гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асады деген ұғымның қалыптасуына мүмкіндік берді.Содан соң,организмнің жеке дамуының барлық сатыларын анықтайтын генотип біртұтас жүйе деген қазіргі ілім қалыптасты.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері,ұрпақтардағы белгілердің ажырау қатынастарын әдеттегі сандық қатынастардан басқаша етіп өзгерте алады.Мысалы ,F2-дегі әдеттегі дигибридтік 9;3;3;1 қатынастары 9;7,9;3;4,9;6;1,12;3;1,13;1 немесе 15;1 болып өзгеруі мүмкін .Бірақ фенотип бойынша осылай өзгерген ажыраулардың бәрі Мендельдік жалпы дигибридтік 9;3;3;1 қатынасының тек өзгерген түрлері болып табылады.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулерінің негізінен комплементарлы,эпистаз және полимерия деп аталатын үш түрге бөлінеді. Комплементарлы. Комплементарлы деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — F2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды. Эпистаз. Бұл құбылыс комплементарлы әрекеттесуге кері жүреді, яғни бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Осындай басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды. Мысалы, тауықтарда доминантты С гені қауырсынның түрлі-түсті болуын анықтайды, ал аллельді емес басқа доминантты j (джи) гені супрессор болып табылады. Сондықтан осы супрессор j гені бар жерде доминантты С гені өз белгісін көрсете алмайды да тауықтар ақ қауырсынды болып шығады.Демек, генотиптері jjСС тауықтар ақ түсті, ал генотиптері ііСС және ііСс болып келгендері түрлі-түсті болады. Себебі, қауырсындары түрлі-түсті тауықтардың генотипінде супрессор гені жоқ.Полимерия. Қандай да болсын бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді полимерлі гендер деп атайды. Ал бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын полимерия дейді. Бұл жағдайда аллельді емес гендердің бақылауында болатын екі немесе бірнеше фермент бір ғана белгінің дамуына әсер етеді. Осыған байланысты полимерлі гендерді латын алфавитінің бір әрпімен қасына индекс қойып белгілейді: А1А1 және а1а1; А2А2 және а2а2, т.б. мысалы, дәндері қою қызыл және ақ түсті бидай өсімдіктерін бір-бірімен будандастырғанда, бірінші ұрпақта қызғылт дәнді будандар алынған. Бұларды өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта дәндерінің түсі бойынша 5 түрлі өсімдік пайда болған. Олар: қою қызыл, қызыл, қызғылт, солғын қызыл және ақ түсті дәнді өсімдіктер. Екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, 5 түрлі фенотиптің түзілу себебі дәннің құрамындағы доминантты гендердің санына байланысты.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері

Т ым уалау тірі организмдерді аса ма ызды ерекшеліктеріні атарына жатады Т ым... Гентотип фенотип аллель Ген... Генотип терминін жылы даниялы генетик В Иогансен сын ан О ан барлы геном...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Генетика барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиетті тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының басты б

Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік.
Өзгергіштік – организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін u

Сімдіктердегі спорогенез және гаметогенез құбылысы.
Сомалық клеткалардағы екі еселенген диплоидты хромосомалар санымен салыстырғанда, жетілген жыныс клеткалары гаметаларды олардың гаплоидты саны болады. Аталақ жән

Адамдағы қан топтарының тұқымқуалауы.
Адамда қанның 4 тобы болады: О, А, В, және АВ. Олар бір геннің үш түрлі аллельдері арқылы анықталады: ІА , ІВ және і. І

Дигибридтік будандастырудағы тұқым қуалау. Дигибридті будандастыруда генотип және фенотип бойынша ажырау.
Бұршақ өсімдігін дигибридті будандастырудың негізінде Мендель тәуелсіз тұқым қуалау деп аталатын тағы бір аса маңызды заңдылық

Комплементарлы гендердің өзара әректтесуі.
Комплементарлы немесе толықтырушы деп өз алдына жеке келгенде әсері байқалмайтын,ал егер генотипте гомозиготалы немесе гетерезиготалы жағдайда басқа біреумен бір

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги