рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бақылау сұрақтары.

Бақылау сұрақтары. - раздел Геология, МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар 1. Амфиболдар Тобына қандай Минералдар Кіреді Және Олардың ...

1. Амфиболдар тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері?

2. Амфиболдар тобындағы минералдардың генезисі қандай?

3. Амфиболдардың парагенетикалық ассоциациясы және қолдануы қандай болады?

 

Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

 

Таспа (қос тізбек) силикаттар, анионды радикалы [Si4O11] -6, қосымша аниондарымен (OH) -1, F -1

Амфиболдар тобының минералдары:тремолит Са2Mg5[Si4O11]2(OH)2, актинолит Са2(MgFe)5[Si4O11](OH)2, горнбленд (мүйіз алдамшысы) Са2Na(MgFe)4(Al,Fe)[(Si, Al)4O11]2(OH)2, родусит Na2(MgFe)3Al2[Si4O11]2(OH)2.

Тремолит Са2Mg5[Si4O11]2(OH)2. Ине тәріздес, ұзартылған кристалдар тән, агрегаттары сәулелі және қадалы. Ашық түсті нефриттіңқұрамына кіреді және талшықты тремолит-асбест құрайды. Түсі ақ немесе ашық боялған, көбінесе сұрша түске.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне ұқсас актинолиттен физикалық қасиетімен, ақшыл (ақ, сұрша-ақ) түспен ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы магмалық минерал болып табылады, метаморфтық – мәрмәрларда, кристалдық тақтатастарда, мүйізтастарда; гидротермалық желілерде кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Пироксен, кальцит, доломит.

Қолдануы.Тремолит-асбест жылу изоляциясына пайдаланады, нефрит – бұйымдар жасауға.

Актинолит Са2(MgFe)5[Si4O11](OH)2. «Сәулелі тас» – жұқа сәулелі, қадалы, талшықты агрегаттары жасылдың әр түрлі реңкіне боялған. Кейде кристалдары ұзын призмалық және ине тәріздес болады. Сирек жасырын кристалды агрегаттар – нефриттер құрайды.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Турмалин және эпидоттантөменірек қаттылығымен және жетілген жіктілігімен ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Метасоматиттік скарндарда, метаморфтық кристалдық тақтатастарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Скарндарда: диопсид және кальцит, тақтатастарда: тальк және хлорит.

Қолдануы.Актинолит-асбест кейде өндірістік мөлшерде кездеседі, жылу изоляциялауға пайдаланады. Нефрит – бұйымдар жасауға.

Горнбленд (мүйіз алдамшысы) Са2Na(MgFe)4(Al,Fe)[(Si, Al)4O11]2(OH)2. Түрлері: қоңырлау түсті базальттық горнбленд, уралит– горнблендтің пироксен бойынша псевдоморфозасы. Кристалдары призмалық, бағаналы, сирек изометриялық келбетті. Тұтас агрегаттары ірі- және майда түйірлік, түйірлері ұзартылған.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдары сыртқы пішіндерімен, тағы да жіктіліктің ара бұрышымен, әдеттегі қараутты-жасыл, қараутты-қоңырқай түстерімен тез анықталады. Басқа амфиболдардан тек оптикалық қасиеттерімен ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Қышқыл, орта магмалық таужыныстардың (гранит, сиенит, диорит, гранодиорит және т.б.) негізгі минералдары боп табылады, габбролық пегматиттерде, метаморфтық амфиболиттерде, немесе амфиболитті тақтатастарда және гнейстерде. Гидротермалық процестер нәтижесінде, ол серпентинге, хлоритке, эпидотка, карбонатқа және кварцқа айналады. Мору кезінде, ол нонтронит, карбонаттар, опал, лимонитке, галлуазитке айналады. Негізді лаваларда горнбленд опациттенеді, магнетит және пироксенмен ауысады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Плагиоклаздар, калишпаттар, кварц, биотит, хлорит, рутил, лейкоксен, магнетит, апатит, циркон және т.б.

Қолдануы.Практикалық маңызы белгіленбеген.

Родусит Na2(MgFe)3Al2[Si4O11]2(OH)2. Асбест тәріздес глаукофан және крокидолиттің талшықты түрі, рибекиттің түрлесі. Синонимы – абриаханит, асбест тәріздес талшықтыферриглаукофанның түрі болады. Эгей теңізінің Родос аралы атымен аталған, сол жақта құмды-сазды қабаттарда бірінші табылып зерттелген. Ол Қазақстанда, Қарсақпай ауданында мергельдердің құрамында көк немесе көкшіл-жасыл желішектерде табылған. Мұнда тағы да, ол әлсіз метаморфталған тығыз саздарда және құмды пермь қабаттарының көкшіл-сұр және көк түсті көптеген желілерінде және желішектерде табылған. Соңғы кенорынында ол опалмен серіктес болады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Асбест тәріздес талшықты, көк немесе көкшіл-жасыл желілерде және желішектерде табылады.

Чароит K2NaCa5[Si12O30](OH,F)ЗН2О. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ашық күлгін түсті, талшықты агрегаттарға жібек тәріздес құбылма тән.

Қолдануы.Өте жақсы тегістеледі және әдемі зергерлік істе қолданатын минерал болады.

Әдебиеттер: [1, c. 771-784].

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар

И С тбаев атында ы аза лтты... Т рысов атында ы Геологиялы барлау институты...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бақылау сұрақтары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Алматы 2011
  ЖОК 548:549 (075) ҚҰРАСТЫРУШЫ: А. Т. Қасенова. Минералдарды силикаттар класы бойынша жүйелі сипаттау (аралды&

КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқау – «Кристаллография және минералогия» пәнінің толық курсына кіретін минералогияға, «5В070600 – Пайдалы қазбалар кенорындарыны

Тақырып. Аралдық силикаттардың минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: аралдық силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұ

Бақылау сұрақтары.
1. Оңашаланған жеке кремний-оттекті тетраэдрі бар силикаттарға жататын минералдардың ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады ? 2. Анартастар

Тақырып. Тізбек силикаттарды (пироксендерді және пироксеноидтарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: тізбек силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұражайда

Бақылау сұрақтары.
1. Пироксендер тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай? 2. Пироксеноидтар тобына қандай минералдар кіред

Кальцийлік моноклиндік пироксендер
Диопсид СаMg[Si2O6].Тұтас түйірлі және радиал

Моноклиндік сілтілі пироксендер
Эгирин NаFe[Si2O6]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.

Тақырып. Таспа (қос тізбек) силикаттарды (амфиболдарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Таспа (қос тізбек)силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық

Тақырып. Қабатты силикаттар және алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қабатты силикаттар және алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық ми

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар саздар және слюдалар топтарына жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қабатты силикаттардың және алюмосиликаттардыv

Тақырып. Қаңқалы алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қаңқалы алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиял

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар қаңқалы алюмосиликаттарға жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қаңқалы алюмосиликаттардың ген

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы
Альбит Na[

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. 2 Ағымдық бақылау жұмысы
Силикаттар және алюмосиликаттар магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстарын құраушы басты минералдары болғандықтан, оларды жақсы тан

Тапсырмалар.
1. Өткен тақырыптардың материалдарын игергендерін анықтау үшін осы аталған кластың 15 минералдар үлгітастары студенттерге беріледі, оларды сипаттауын

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Машанов А.Ж. Кристаллография, минералогия, петрография. А.: Мектеп, 1969. – 367 б. 2. Қожахметова М.Қ. Минералогия, петрография. А.: ҚазҰТУ. 1989. – 114 б.

МАЗМҰНЫ
  Кіріспе....................................................................................................... 10 – З

Кристаллография және минералогия» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Редакторы А. И. Бейсебаева   БЕКІТІЛГЕН: Геологиялық барлау институты ғылымиәдістемелік кеңесінің тө

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги