рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бақылау сұрақтары.

Бақылау сұрақтары. - раздел Геология, МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар 1. Қандай Минералдар Саздар Және Слюдалар Топтарына Жатады, Олард...

1. Қандай минералдар саздар және слюдалар топтарына жатады, олардың ерекше анықтау белгілері?

2. Қабатты силикаттардың және алюмосиликаттардың генезисі және минералдарының қолдануы қандай болады?

3. Тальк, серпентин, хризотил-асбестке қандай ерекше анықтау белгісі тән және олардың қолдануы қандай болады?

 

Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

 

Тальк Mg2 [Si4 O10](OH)2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Төмен қаттылығымен (1) жеңіл белгіленеді, қолға майлы және сабынға ұқсас болып сезінеді, ашық түсті солғын-жасыл түсті және жапырақша агрегаттарға аса жетілген жымдастық тән.

Генезисі (жаратылысы).Аса негізді таужыныстардың гидротермалық өзгергентүрлерінде. Жапсар-метасоматиттік процестерде, доломит пен интрузиялардың шекарасында. Тальктің жұқа қабыршақты агрегаттарының оливин, энстатит, диопсид, актинолит және басқа магний құрамды минералдар бойынша псевдоморфозалары белгілі. Метаморфтық процестерде талькті, тальк-актинолитті тақтатастар пайда болуы белгілі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық жаратылыста: серпентин, магнезит, актинолит, магнетит. Метасоматиттік: доломит, кальцит, метаморфтық: актинолит.

Қолдануы.Тальктің ұнтақтары қағаз және резеңке өндірістерінде, олардың көлемін ұлғайтатын толтырғыш, пайдалы қасиеттерін өсіретін материал ретінде пайдаланады. Жоғарғы сапалы темірсіз түрлері парфюмерияда (опа, ұнтақ, май, сықпа паста өндіруге). Бояу өндірісінде, отқа және жарыққа төзімді бояу және шыныға арналған жұмсақ қарындаш шығаруға пайдаланады. Текстиль өндірісінде, тальк ұнтағының адсорбциялық қасиеттері пайдаланады, мақтаны ақтауына, майлы дақтар кетіруге және т.б. Керамикалық өндірісте, жоғарғы вольтты электроизоляторларға және глазурь өндіруге, қышқыл және сілтілілерге төзімді ыдыс өндіруге, су құбырлар шығаруға пайдаланады. Тальк хлорит және кальцит қаспаларымен кірпіш, тақта өндіруге қолданады. Магнезитпен бай талькті таужыныстарды отқа төзімді материалдарда пайдаланады.

Серпентин Mg6 [Si4 O10](OH)8. Түрлері: антигорит, офит, серпофит.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне тән қараутты-жасыл түсі, жыланның терісіне ұқсас таңдақты боялуы, төмен қаттылығы, сырғанау айналары, жарылымдарындағы майша жылтырлығы және т.б.

Генезисі (жаратылысы).Аса негізді оливин құрамды (дунит, перидотит және т.б.) және карбонаттық таужыныстарының гидротермалық өзгерістерінде пайда болады. Жер бетінде монтмориллонитқа, темір сулы тотықтарының кремниймен қоспаларына айналады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Тальк, хлорит, брусит, хризотил-асбест, магнезит, хромит, магнетит.

Қолдануы.Тығыз әдемі боялған түрлері өнімдер шығаруға пайдаланады. Химиялық өндірістерде магнийдің қоспаларын өнімдеуге пайдаланады.

Хризотил-асбест Mg6 [Si4 O10](OH)8.Серпентиннің тұтас массасында хризотил-асбест желішектерінде болады, оларда іргелеріне талшықтар перпендикуляр орналасқан. Талшықтардың ұзындығы миллиметрдің оннан бірінен 2-2,5 см дейін, кейде 5 өте сирек 16 см болады. Хризотил-асбест жасылдау-сары, алтындай құбылмасымен және жібекше жылтырлығымен смпатталады, өте жұқа талшықтарға бөлінеді.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Параллель-талшықтықұрылысымен, жеке талшықтарының иілімділігімен белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Жаратылысы серпентиндікіндей, гидротермалық. Асбест құраушы тұтас серпентинит жаратылу кезінде гель болған, ал кебу кезінде мөлшері кішірейіп жарылым жарықшалары пайда болады. Бұл жарықшаларда қабырғалары бір-бірінен ажырай беріп, жарықшалар ұлғаяды, ал ішіндегі гельді массасы созылады және талшықтанып параллель және жұқа асбестер талшықтарына бөлінеді, және олардың агрегаттары жарықшаның ұлғаю бағытына параллель орналасады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Серпентин.

Қолдануы.Асбест театрларда қолданатын отқа төзімді перделер, өрт сөндірушілердің киімдері үшін, үйдің төбесін жабу үшін, автомобильдердің тормоз ленталарын жасау, шарап тазалау ісінде асбесті сүзгілер жасау үшін пайдаланады. Құрылыс істерінде асбест цементке, бояуларға қосылады, жылу және электризоляцияға қолданады.

Саздар тобының минералдары:монтмориллонит (Аl2 Mg3)[Si4 O10](OH)2 nH2O, нонтронит (Fe,Аl)2 [Si4 O10](OH)2 nH2O, каолинит Аl4 [Si4 O10](OH)8.

Монтмориллонит (Аl2 Mg3)[Si4 O10](OH)2 nH2O.Тұтас жер тәріздес агрегаттар құрайды. Түсі ақ сұрша және көкшіл реңкті, қызғылт, қызғылтым-қызыл, кейде жасыл. Жылтырлығы күңгірт, қаттылығы 1,0-1,5. Дымқыл кезде «сазды» исі бар. Бентониттік саздардың құрамына кіреді. Суды сіңіріп, көлемін 10 есе өсіреді. Тұра диагностикалау тек рентгенометрлік және термикалық талдаулармен жүргізіледі.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Саздардың құрамында монтмориллонит бары оның көлемі өсуімен және майлы қасиеті болуымен белгіленеді. Бірақ нақты диагностикалау оптикалық қасиеттері арқылы, рентгенометриялық және химиялық зерттеу арқылы болады.

Генезисі (жаратылысы).Экзогендік жағдайда ғана пайда болады, интрузивтік негізді таужыныстардың сілтілі жағдайда моруында, теңізді алқаптарда жанартаулық күлдердің бұзылу кезінде пайда болады. Негізді диабаздар, базальттар, габбро және перидотиттердің мору қыртыстарында кең тараған. Граниттердің және диориттердің топырақтарда морыған кезінде, пегматиттердің тотыққан белдемдерінде, коллоидты түрлері даладағы тұздалған сілтілі топырақтарында кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Бейделлит,авгит, биотит,дала шпаттар.

Қолдануы.Мұнай өндірістерінде, мұнайды басқа қоспалардан тазалау үшін, мата шығару өндірістерінде майдан тазалау кезінде, толтырғыш ретінде резеңке өндірісінде, сабын және косметика (опа, бет бояуы, ерін помадасы, тіс ұнтағы және сықпасы) шығаруға, медицинада (смекта, таблеткалар) пайдаланады.

Нонтронит (Fe,Аl)2 [Si4 O10](OH)2 nH2O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жер тәріздес агрегаттардың жасылдау-сары немесе жасыл түстерімен белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Аса негізді магмалық перидотиттер, дуниттардың мору түзілімдерінде кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Опал, темір тотықтары.

Қолдануы.Никель құрамды нонтронит– никель кені болады.

Каолинит Аl4 [Si4 O10](OH)8. Жұқа дисперстік тығыз агрегаттар құрайды, түйірлерінің өлшемі 1 мкм және одан кіші, топырақтай, ұнтақтай массалар. Түсі ақ, темір сулы тотықтарының механикалық кірмелерінен қызылдау түске боялады. Қаттылығы 1-1,5. Дымқыл кезде «сазды» исі бар. Қолға майша болып келеді. Монтмориллониттен және басқа сазды минералдардан термикалық және электрондық микроскопия талдауларынан кейін ажыратылады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қолда тез үгітіледі, кебу кезінде суды өзіне тез сіңіреді.

Генезисі (жаратылысы).Гранит, гнейс, кварцті порфирлердің мору кезінде пайда болады. Топырақтарда гумустық қышқылдардың әрекетінен пайда болады. Төмен температуралы гидротермалық процестарда. Қоңыр көмірлердің кенорындарында, сазды қабаттарын құрайды. Дала шпаттар, мусковит, скаполит, лейцит, андалузит, пирофиллит бойынша каолинит псевдоморфозалар құрайды. Метаморфизм кезінде хлорит, тальк, слюда және кианитке ауысады. Гидролиз кезінде алюминий сулы тотығына және кремнеземға өтеді.

Парагенетикалық ассоциациясы.Дала шпаттар, слюдалар, цеолиттар.

Қолдануы.Керамикалық өндірістерде жұқа керамикада – форфор және фаянс шығаруға пайдаланады. Құрылыста – отқа төзімді материалдарда, кірпіште және сылақта пайдаланады. Қағаз өндірісінде толтырғыш ретінде – қағаз тегіс және тығыз болу үшін, кейбір қағаздардың құрамында каолинит 40,0%-ға дейін болады. Клеенка, линолеум, олифа қоспаларында, қарындаштар, бояулар және т.б. шығаруына қолданады.

Слюдалар тобының минералдары:мусковит КАl2 [АlSi3 O10](OH,F)2, биотит К(Fe,Mg)3 [АlSi3 O10](OH,F)2, лепидолит КLi2 Аl[АlSi3 O10](OH,F)2.

Мусковит КАl2 [АlSi3 O10](OH,F)2.Кристалдары пластинкалы, жапырақша-түйірлі қабыршақты агрегаттар. Серицит – ұсақ қабыршақты мусковит, жібекше жылтырлығы бар. Фуксит– хром құрамды мусковит ашық зүбаржатты-жасыл түсті. Жұқа қабыршақтарында мусковит түссіз, сұр, қара-сұр, жиі сарғыш немесе жасылдау реңкімен. Жылтырлығы шыныша, жіктілік жазықтарында меруертті. Жіктілігі аса жетілген. Қаттылығы 2-3.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ашық түстері, меруерт тәріздес және күмісше жылтырлығы, аса жетілген жіктілігі (бөлек жапырақшаларға жеңіл айырылады). Фуксит – жарық-жасыл түсі.

Генезисі (жаратылысы).Магмалық граниттердің, метасоматиттік грейзендердің және гранит пегматиттерінің желілерінде. Гидротермалық жаратылымда серицит пайда болады. Метаморфтық кристалдық тақтатастарда, сазды тақтатастарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Граниттерде: кварц, плагиоклаз, калишпат,горнбленд, биотит. Грейзендерде: топаз,лепидолит, кварц, вольфрамит, касситерит, молибденит және т.б. Мусковиттердің кристалдарында өте ұсақ циркон, брукит, рутил (сагенитті тор тәріздес), апатит, шпинель, анартас, турмалин, кварц, магнетит, гематит (жымдастық бойынша дендриттер түрінде) кристалдары кездеседі. Гидротермалық жаратылымда әр түрлі таужыныстардың серициттенуі болады. Серициттің псевдоморфозалары плагиоклаз, ортоклаз, корунд, топаз, берилл, кордиерит, дистен, андалузит, скаполит, анартас бойынша дамыған. Метаморфтық кристалдық тақтатастарда – мусковит, сазды тақтатастарда – серицит кездеседі.

Қолдануы.Электроизоляцияға,электроөндірісінде, тағы да конденсаторлар, реостаттар, телефондар, электролампалар шығаруға пайдаланады. Слюдалық ұнтақтарын (скрапты) құрылыс материалдар өндіруге, басқа салаларда – қағаздар шығаруда, шифер дайындауда т.б. кеңінен қолданады.

Биотит К(Fe,Mg)3 [АlSi3 O10](OH,F)2.Кристалдары пластинкалы, қабыршақты және ұсақ қабыршақты агрегаттарға дейін. Түсі қара. Жіктілігі аса жетілген. Қаттылығы 2-3.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қара түсімен, аса жетілген жіктілігімен жеңіл белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Магмалық таужыныстарда, пегматиттік желілерде, метаморфтық мүйізтастарда, кристалдық тақтатастарда, гнейстерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Магмалық таужыныстарда:кварц,горнбленд, плагиоклаз, калишпаттар. Пегматиттерде: – мусковит.

Қолдануы.Кейдебиотиттен қосымша рубидий мен цезий өндіріледі.

Лепидолит КLi2Аl[АlSi3O10](OH,F)2.Литийлік слюда. Кристалдардың келбеттері пластинкалы, псевдогексагондық, агрегаттары жапырақша-пластинкалы немесе жұқа қабыршақты. Сирек кристалдар друзаларды құрайды. Түсі ақ, бірақ жиі қызғылт, боз-күлгін кейде шабдалы-қызыл (құрамына марганец енгенде). Жылтырлығы шыныша, жымдастық жазықтарында меруертті, күмісше. Қаттылығы 2,0-3,3.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қызғылт немесе күлгін реңктерімен, аса жетілген жіктілігімен жақсы анықталады.

Генезисі (жаратылысы).Пневматолитті өзгерген граниттерде – метасоматиттік грейзендерде, пегматиттерде, жоғарғы температуралы гидротермалық желілерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Дала шпаттары, кварц, мусковит (кейде параллель бірігіп өседі), сподумен, рубеллит, топаз, полихромды турмалин, касситерит, берилл, флюорит және т.б.

Қолдануы.Цинвальдитпен бірге литий тұздарын өнімдеуге қолданатын басты көзі болады, ол сілтілі аккумуляторлар шығаруға пайдаланады (су асты кемелер үшін), арнайы оптикалық шынылар жасауға (флинтлас, опалдық және ақ), пиротехникада (жарық қызыл түс), медицинада, органикалық заттардың синтезінде және т.б.

Хлориттер Mg4 Аl2 [Si2 Аl2 O10](OH)8.Аты түсімен байланысты берілген «хлорос» деген «жасыл». Хлориттер тобына 25 аса минералдар кіреді, олардың ішінен пеннин мен клинохлор жиі тараған. Жапырақша, ірі және ұсақ қабыршақты, және жасырын кристалды, радиалды-сәулелі және жер тәріздес агрегаттар құрайды (8 – суретке сәйкес). Түсі ашық-жасылдан қараутты-жасылға және қараға дейін болады (тюрингит). Қаттылығы 2,0-3,0.

1 2 3 4 5 6 7

 

8 – сурет. Пенниннің кристалы (1); клинохлордың тақташа (2) және кеспек тәріздес (3) және альбиттің (4) кристалдары. Дала шпаттардың призмалық кристалдары (5-6) және адулярдың (7) кристалы

 

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Бір-бірінен рентгенограммалар арқылы, термикалық талдау және басқа әдістермен ажыратылып анықталады. Слюдалардан жасыл түсімен, серпілдігі жоқтығымен ажырайды.

Генезисі (жаратылысы).Метаморфтық таужыныстарда, хлоритті жасыл тақтатастарды құрайды. Горнбленд және биотиттің гидролизденуінің нәтижесінде, хлориттену процесі жүреді. Гидротермалық желілерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Горнбленд, биотит, кварц, плагиоклаздар. Актинолит-тальк- хлоритті тақтатастарда.

Қолдануы.Ірі темірлі (тюрингит, шамозит) хлориттержиылымдары – темір кені болады.

Шамозит (лептохлорит) (Fe,Mg)3 [Si2 Аl2 O10] nH2O.Түсі жасылдау-қараутты сұрдан қараға дейін. Мөлдір емес, сызығы ашық жасылдау-сұр, жылтырлығы күңгірт немесе әлсіз шыныша жылтырлық тән. Қаттылығы 3, тығыздығы 3,03-3,40.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Макроскопиялық оолитті құрылымымен, қараутты-жасыл немесе қара түсімен, жасылдау-сұр сызығымен анықталады.

Генезисі (жаратылысы).Шөгінді, көбінесе юра дәуіріндегі темір кенді кенорындарында, оттегі жетіспейтін теңіз жағалауында шөгеді.

Парагенетикалық ассоциациясы.Темір сульфидтері, сидерит.

Қолдануы.Шамозитті кендер – темір кені ретінде пайдаланады.

Хризоколла Cu[SiO3]nH2O.Опал тәріздес қабыршақтар, үстіңгі беттері сауыстанған немесе көпіршікті болады, сондай-ақ болбыр жер тәріздес түзілімдер құрайды. Түсі көгілдір, көгілдірше-жасыл немесе көк, қоңырқай (темір қоспаларымен байланысты) және қара. Таза түрлерінің сызық түсі жасылдау-ақ. Опал тәріздестерінің жылтырлығы шыныша, балауызша, күңгірт. Қаттылығы 2 таяу, кейде 4, бирюзаға қарағанда бұл тілге жабысады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Колломорфты массалары, көгілдір-жасыл түсі, төмен қаттылық.

Генезисі (жаратылысы).Мысты кенорындарының тотығу белдемінің минералы болады, құрғақ және жылы климатты аудандарда кездеседі. Хризаколланың малахит, азурит, атакамит, либетенит, церуссит, кальцит бойынша псевдоморфозалар белгілі. Ол құрамында су аздау болатын планшеиткеайналуы мүмкін.

Парагенетикалық ассоциациясы.Мыстың әр түрлі оттекті қоспаларымен кездеседі.

Қолдануы. Пайдалануы белгісіз.

Әдебиеттер: [1, c. 799-877].

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар

И С тбаев атында ы аза лтты... Т рысов атында ы Геологиялы барлау институты...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бақылау сұрақтары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Алматы 2011
  ЖОК 548:549 (075) ҚҰРАСТЫРУШЫ: А. Т. Қасенова. Минералдарды силикаттар класы бойынша жүйелі сипаттау (аралды&

КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқау – «Кристаллография және минералогия» пәнінің толық курсына кіретін минералогияға, «5В070600 – Пайдалы қазбалар кенорындарыны

Тақырып. Аралдық силикаттардың минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: аралдық силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұ

Бақылау сұрақтары.
1. Оңашаланған жеке кремний-оттекті тетраэдрі бар силикаттарға жататын минералдардың ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады ? 2. Анартастар

Тақырып. Тізбек силикаттарды (пироксендерді және пироксеноидтарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: тізбек силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұражайда

Бақылау сұрақтары.
1. Пироксендер тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай? 2. Пироксеноидтар тобына қандай минералдар кіред

Кальцийлік моноклиндік пироксендер
Диопсид СаMg[Si2O6].Тұтас түйірлі және радиал

Моноклиндік сілтілі пироксендер
Эгирин NаFe[Si2O6]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.

Тақырып. Таспа (қос тізбек) силикаттарды (амфиболдарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Таспа (қос тізбек)силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық

Бақылау сұрақтары.
1. Амфиболдар тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері? 2. Амфиболдар тобындағы минералдардың генезисі қандай?

Тақырып. Қабатты силикаттар және алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қабатты силикаттар және алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық ми

Тақырып. Қаңқалы алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қаңқалы алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиял

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар қаңқалы алюмосиликаттарға жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қаңқалы алюмосиликаттардың ген

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы
Альбит Na[

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. 2 Ағымдық бақылау жұмысы
Силикаттар және алюмосиликаттар магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстарын құраушы басты минералдары болғандықтан, оларды жақсы тан

Тапсырмалар.
1. Өткен тақырыптардың материалдарын игергендерін анықтау үшін осы аталған кластың 15 минералдар үлгітастары студенттерге беріледі, оларды сипаттауын

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Машанов А.Ж. Кристаллография, минералогия, петрография. А.: Мектеп, 1969. – 367 б. 2. Қожахметова М.Қ. Минералогия, петрография. А.: ҚазҰТУ. 1989. – 114 б.

МАЗМҰНЫ
  Кіріспе....................................................................................................... 10 – З

Кристаллография және минералогия» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Редакторы А. И. Бейсебаева   БЕКІТІЛГЕН: Геологиялық барлау институты ғылымиәдістемелік кеңесінің тө

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги