рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы - раздел Геология, МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар ...

Альбит Na[AlSi3O8].Түсі ақ, жиі кездесетін түрі қант тәріздес альбит – ұсақ түйіршекті агрегат, тағы да альбит – клевеландит, ол граниттік пегматиттерде көкшіл-сұр түсті, жапырақша және радиалды-сәулелі агрегаттар құрайды.

Олигоклаз, № 10-30 плагиоклаз.Түсі көбінесе сұрша-ақ, ал жіктілік жазықтарында сызықталған. Нәзік-көгілдір иризациясы бар олигоклаз – беломорит деп аталады.

Лабрадор, № 50-70 плагиоклаз.Минералдың түсі сұр, қарауытты-сұр. Жымдастық жазықтарында көк иризация байқалады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ірі кристалдарында және түйірлерінде калишпаттардан жіктіліктердің қисық бұрыштарымен ажыратылады. Плагиоклаздарды қатар арасында ажырату қиынға соғады, олар тек Федоровтың әдісімен, оптикалық қасиеттерімен нақты белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Дала шпаттардың құрамында көп тараған плагиоклаздар көбінесе магмалық таужыныстарды құраушы, басты минералдар қатарына жатады. Кремнезем аз габбро, базальт және басқаларында, кальциймен бай негізді плагиоклаздар магнезиялық-темірлі силикаттармен бірге кездеседі; ал қышқылдау таужыныстарда (диориттерде, граниттерде, кварцті порфирлерде және т.б.) таужыныс құраушы минералдар ретінде орта және қышқыл плагиоклаздар, калишпаттар, кварц және басқа силикаттар бірге кездеседі. Граниттермен байланысты пегматиттерде, калишпаттар бойынша, кешірек альбит метасоматиттік жолымен пайда болады. Негізді плагиоклаздар габбролардың пегматиттерінде кездеседі. Жапсар-термалық метаморфизмде, граниттермен әктастардың құрамында және шекараларында неше түрлі плагиоклаздар пайда болады. Аймақтық метаморфизм процесінде кристалдық тақтатастар жаратылғанда және альпийлік желілерде альбит (кальциймен бай плагиоклаздар тұрақсыз келеді) пайда болады. Альпийлік желілерде тамаша құрастырылған альбиттің кристалдары кездеседі, олар жарықшалардың қабырғаларында кварц, хлорит және басқа минералдардың кристалдарымен бірге өскен. Олар көптеген Швейцария және Австрия Альпасындағы желілерде жиі кездеседі. Қышқыл сұйықтардың нәтижесінде плагиоклаздар серициттенеді. Олар өзгеріске ұшырағанда скаполиттенеді, соссюриттенеді, цеолиттенеді, каолиниттенеді және т.б. Мору қыртыстарында калишпаттармен бірге каолинитке ауысады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, калишпаттар, биотит, горнбленд, пироксендер, оливин, серицит, соссюрит және т.б.

Қолдануы. Лабрадорлар үйлерді қабаттауға, құлпы тастар ретінде пайдаланады. Айдын құбылмасы бар түрлері, қымбат емес бұйымдар жасауға қолданады.

Калийлік (калишпаттар) тобының минералдары:ортоклаз K[AlSi3O8], микроклин K[AlSi3O8].

Ортоклаз K[AlSi3O8]. Аты грек сөзінен шыққан «ортоклаз» – «тұра сыңғыш», жіктілік арасындағы бұрышы 900 тең болғандығымен байланысты. Кристалдардың келбеттері призмалық, қарапайым егіздіктер жиі кездеседі, және тұтас кристалдық массалар. Әдетте мөлдір емес, ортоклаздардың түсі ашық-қызғылт, қоңырқай-сары, қызылдау-сары, кейде еттей-қызыл, өте сирек кірпіштей-қызыл болады. Түссіз судай мөлдір түрлесі адулярдеп аталады, сына тәріздес пішінді. Санидин – жоғары температуралы полиморфты модификациясы, эффузивтік таужыныстарға тән; «айдын тасы» – адуляр әдемі көк түсті, оған күмістей-меруертті құбылыс тән. Сыртқы пішінімен ортоклаз микроклинге ұқсас. Дәл диагностика, тек оптикалық және рентгенографикалық мәліметтерімен өтеді. Ортоклаз микроклиндей жіктілігі екі бағытта жетілген және қаттылығы 6-6,5.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Макроскопиялық ортоклаздар сарғыш және қызылдау түстерімен, жоғары қаттылық және жымдастық бұрышымен жеңіл белгіленеді. Бірақ ұқсас микроклиннен ажырату кейде микроскоп арқылы да қиын болады.

Генезисі (жаратылысы).Басқа калишпаттар сияқтықышқыл және орта магмалық таужыныстарда, жиі олар жоғары температуралы эффузивтік таужыныстарда кездеседі. Метаморфтық кристалдық тақтатастарда ол өте сирек кездеседі. Граниттік пегматиттерде ортоклаз микроклинге қарағанда сирек болады, соларда пегматиттік процестің соңында ол альбиттенеді. Жоғары температуралы магмалық таужыныстарда ортоклаз-пертиттер кездеседі, олардың пайда болуы жоғарыда айтылған. Мору кезінде каолинитке ауысады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, плагиоклаздар, биотит, слюдалар, горнбленд және т.б.

Микроклин K[AlSi3O8].Қарапайым жай егіздіктер, тағы да жұқа полисинтетикалық және тор тәріздес егіздіктер тән, олар тек қана микроскоп арқылы байқалады. Пегматиттік желілерде ірі кристалдық болады, олар ұрғанда жымдастық жазықтары бойынша жеңіл бөлінеді. Индивидтер өлшемі оншақты сантиметрдей, кейде метрлердей болады. Жақсы құралған кристалдар друзалары сирек емес. Түсі әдетте ортоклаздікіндей болады, тек жасыл түстісі амазонит. Амазониттің жасыл түсі біркелкі болмайды, кейде таңдақты болуы мүмкін. Жылтырлығы шыныша, жымдастық жазықтарында сәл меруертті. Қаттылығы 6-6,5, жіктілігі (001) және (010) жақтарында екі бағытта жетілген.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Сыртқы қасиеттерімен ортоклазға ұқсас келеді, жасыл-көк түрлері амазонит деп аталады. Микроклинді микроскоп арқылы тор тәріздес егіздіктерімен оңай табуға болады, бірақ жіктілігі көрінбеген кезде оны Федоров әдісімен нақты анықтайды.

Генезисі (жаратылысы).Ортоклазға қарағанда ол қышқыл және сілтілі граниттерде, гранодиориттерде, сиениттерде және т.б. жиірек кездеседі. Пегматиттік түзілімдерде ол басты минерал болады. Альпийлік желілерде кездеседі. Микроклин ортоклазға қарағанда эндогендік процестердің соңғы төмен температуралы сатыларында жаратылған, басында түзілген ортоклаз полиморфты тор тәріздес микроклинге ауысқан болар. Осы микроклинді қыздырса, торлы құрылысы жоғалып кетеді. Микроклин-пертитер жиі кездеседі, оларда қатты сұйықтардың ыдырауынан альбиттің түзілімдері микроклиннің кейде тор тәріздес ортасында пайда болады. Пертиттік құрылысы кейде көзбен көрінеді. Кварц пен микроклин бірге ерекше өскен агрегаттары «еврей тасы» немесе «жазба гранит» деп аталады. Осы заңды орналасқан түзілімдер, олардың бір мезгілде бірге кристалдануымен байланысты, оны «пегматиттік құрылым» дейді.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, альбит, нефелин, слюдалар, т.б.

Қолдануы. Пегматиттік ортоклаз, көбінесе микроклин шыны және керамикалық өндірістерде қолданады. Дала шпаттары аса жоғары емес температурада (1100-13000) шыныға айналады, оған каолинит пен кварц қосса суыған кезде тығыз ақ, мөлдір масса береді, ол фарфор.Фарфор ыдыс және глазурь, эмаль жасауға пайдаланады. Өте таза түрлері фарфор тістер, опалесцентік шынылар жасауға қолданады. Әдемі жасыл түске боялған амазонит әшекейлік бұйымдар және вазалар, шкатулкалар және т.б. шығаруға пайдаланады.

Фельдшпатоидтар тобының минералдары: нефелин Na[AlSiO4], лазурит Na6 Са(SO4,Cl,S)2 [AlSiO4], лейцит K[AlSi2O6], анальцим Na[AlSi2 O62О.

Бұл топта, калишпаттар тобының минералдарына қарағанда, кремнеземі аз алюмосиликаттарды қарастырамыз.

Нефелин Na[AlSiO4].Кристалдары призмалық, қысқа бағаналы немесе жалпақ тақташа. Кристалдары сирек, олар қуыстарда өседі. Кристалды-белдемді нефелиндер кездеседі. Кристалдық түйірлері бұрыс болады, немесе ірі түйірлі тұтас массалар құрайды (9 – сутетке сәйкес). Түсі түссіз, жиі сарғыш, қоңыр-жасылдау, қоңырқай реңкті сұрша-ақ немесе сұр болады. Мөлдір емес, ашық түсті ірі кристалды немесе тұтас массалары элеолитдепаталады. Жымдастық жазықтарында жылтырлығы шыныша, жарылымдарда майша. Қаттылығы 5-6, мортты, жіктілігі жоқ, ал (0001) және (100) жетілмеген. Кварцпен кездеспейді. HCl-да жеңіл еріп, қоймалжын кремнеземға айналады.

 

1 2 3 4 5 6

 

9 – сурет. Плагиоклаздардың карлсбадтық (1) және бавендік (2) заңды егіздіктері. Нефелиннің (3-4), лейциттің (5) және анальцимнің (6) кристалдары

 

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Сілтілі натрийге бай таужыныстарда әр түрлі реңкті сұрша түсі, майша жылтырлығы белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Магмалық сілтілі нефелинді сиениттерде және олардың пегматиттерінде, фонолиттерде және т.б. Мору кезінде тез бұзылады, ол химиялық бұзылғанда, алдында қалдық өнімдерінің нәтижесінде ақ қабықпен жабылады, ал соңында үстіңгі қабаттарында каверналық шұңқырлар пайда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Тереңдік таужыныстарында: эгирин, альбит, микроклин, сілтілі горнбленд; гидротермалық өзгерісте: канкринит, содалит және цеолиттер кездеседі. Пегматиттерде: циркон, сфен, ильменит, апатит, биотит және бірқатар сирек минералдар.

Қолдануы.Нефелин аз мөлшерде шыны өндірісінде пайдаланады, жасыл шыны шығаруға, керамика өндіруде калишпаттарды ауыстырады. Глинозем, силикагель, ультрамарин және басқа өнімдер шығаруында қолданады.

Лазурит Na6Са(SO4,Cl,S)2[[AlSiO4].Ол тұтас және тығыз массаларда кездеседі. Түсі қою лазурлі-көк, күлгін, кейде көгілдір немесе жасылдау-сұр. Жылтырлығы шыныша, мөлдір емес. Қаттылығы 5,5, мортты, жіктілігі (110) жағында жетілмеген.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жарық-көк немесе көгілдір түсі.

Генезисі (жаратылысы).Сілтілі сиениттар, граниттер және олардың пегматиттерінің жапсарларында сирек кенорындары кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кальцит, пирит, главколит, тек кварцпен ешқашан кездеспейді.

Қолдануы. Жақсы, тұрақты және әдемі бояу өндіруге көне грек және рим империяларында қолданған. Неше түрлі бұйымдар жасауға пайдалынған – шкатулка, ыдыс, сақина және т.б. XVII ғасырда лазуритті асыл бұйымдарды, тұрмыс заттарды, каминдерді әшекелеуге пайдаланған. Пирит сеппелері бар көкшіл-күлгін түрлері өте құнды болатын. Петербургтың мұражайларында, оларды Исакиев соборының колонналарында, Қысқы сарайдың қабырғаларында көруге болады, эрмитажда вазалар және үстелдер жасаған.

Лейцит K[AlSi2O6]. Кристалдардың пішіні тетрагонтриоктаэдрлік. Балқыған кристалдар домалақ пішінді. Жақтарының жазықтары күңгірт, оларда кейде егіздік сызықталуы көрінеді. Егіздіктері – (110) жағында. Сирек түйірлі агрегаттар түрінде болады. Түсі түссіз, ақ, сұрша және сарғыштау реңкпен, жиі күлдей-сұр. Жылтырлығы жарылымдарда шыныша, майша. Микроскопта мөлдір тілімтастар зерттегенде, оның бір кристалында, әр түрлі бағытты өзіне тән полисинтетикалық егіздіктері көрінеді. Бұл минералда кірмелер ретінде пироксендер, магнетит және т.б. жиі болып тұрады, оларды лейциттің кристалдары тез өскен кезде құрамына иеленіп алған. Сирек емес олар концентрлік-белдемді орналасады, немесе заңды орналасқан бөлімдер боп келеді, сонда лейциттің ішкі құрылымы қаңқа тәріздес болады. Қаттылығы 5-6, мортты, жіктілігі жоқ, жарылымдары бақалшақтай.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдар пішіні және ашық түсі, ал микроскопта оптикалық аномалиялары және төмен сыну көрсеткіші оны нақты анықтайды.

Генезисі (жаратылысы).Жоғары температуралы магмалық минерал, ол сілтіліктермен (ең бастысы К2О) бай және SiO2 тапшы лавалардың қатаюында жаратылады. Лейцит бойынша ортоклаз және серицит (калийлік) псевдоморфозалар белгілі. Күлдер мен туфтарда ол бөлек кристалдар түзеді. Кейде олар нефелин және альбитпен ауысады. Бұл псевдоморфозаларды псевдолейцит деп атайды немесе, дұрысырақ айтсақ, эпилейцитдейді. Лейцит морығанда каолинитке ауысады. Ортоклаз 11700 қыздырғында лейцитке және балқыған шыныға ауысады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Сілтілі пироксендар (эгирин немесе эгирин-авгит), нефелин.

Қолдануы. Кейбір елдерде, мысалы Италияда лейциттен калийлік өнімдер және металдық алюминий шығарады.

Анальцим Na[AlSi2O62О. Сирек кубтық кристалдар, төбелері тетрагонтриоктаэдрлердің жақтарымен аяқталған. Олар түйіршекті агрегаттар, кристалдардың друзаларын қуыстарда, кристалдық қабыршақтар және жеодалар құрайды. Түсі түссіз, ақ сұрша, қызылдау немесе жасылдау реңкті, кейде еттей-қызыл (темір тотықтардың пигменттеуімен байланысты). Жылтырлығы шыныша, ірі кристалдарына күрделі егіздіктер тән. Қаттылығы 5-5,5, жіктілігі жоққа тән, (001) жағында әлсіз көрінеді.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне ұқсас лейциттен ол құрамы, төменірек қаттылық және тығыздықтары арқылы ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық, постмагмалық, ол жиі 1000 пайда болады. Магмалық базальттарда ол фенокристалдарда ортоклазбен қоршалып тұрады, ал анальцимдік диабаздарда, ол ең соңында минералдардың араларында кристалданады. Сілтілі таужыныстардың (нефелиндік сиениттерде) пегматитерінде, ол соңғы гидротермалық минерал ретінде нефелин бойынша дамиды. Гидротермалық күмісті кенді желілерде, бадамтасты базальтарда сомтума мыспен және басқа минералдармен кездеседі. Лейцит, нефелин және басқа сілтіліктерге бай минералдар бойынша метасоматиттік жолмен пайда болады. Экзогендік процесте кейде пайда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Ортоклаз, лейцит, нефелин.

Қолдануы. Пайдаланатын саласы белгісіз.

Әдебиеттер: [1, c. 879-927].

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар

И С тбаев атында ы аза лтты... Т рысов атында ы Геологиялы барлау институты...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Алматы 2011
  ЖОК 548:549 (075) ҚҰРАСТЫРУШЫ: А. Т. Қасенова. Минералдарды силикаттар класы бойынша жүйелі сипаттау (аралды&

КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқау – «Кристаллография және минералогия» пәнінің толық курсына кіретін минералогияға, «5В070600 – Пайдалы қазбалар кенорындарыны

Тақырып. Аралдық силикаттардың минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: аралдық силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұ

Бақылау сұрақтары.
1. Оңашаланған жеке кремний-оттекті тетраэдрі бар силикаттарға жататын минералдардың ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады ? 2. Анартастар

Тақырып. Тізбек силикаттарды (пироксендерді және пироксеноидтарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: тізбек силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұражайда

Бақылау сұрақтары.
1. Пироксендер тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай? 2. Пироксеноидтар тобына қандай минералдар кіред

Кальцийлік моноклиндік пироксендер
Диопсид СаMg[Si2O6].Тұтас түйірлі және радиал

Моноклиндік сілтілі пироксендер
Эгирин NаFe[Si2O6]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.

Тақырып. Таспа (қос тізбек) силикаттарды (амфиболдарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Таспа (қос тізбек)силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық

Бақылау сұрақтары.
1. Амфиболдар тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері? 2. Амфиболдар тобындағы минералдардың генезисі қандай?

Тақырып. Қабатты силикаттар және алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қабатты силикаттар және алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық ми

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар саздар және слюдалар топтарына жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қабатты силикаттардың және алюмосиликаттардыv

Тақырып. Қаңқалы алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қаңқалы алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиял

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар қаңқалы алюмосиликаттарға жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қаңқалы алюмосиликаттардың ген

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. 2 Ағымдық бақылау жұмысы
Силикаттар және алюмосиликаттар магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстарын құраушы басты минералдары болғандықтан, оларды жақсы тан

Тапсырмалар.
1. Өткен тақырыптардың материалдарын игергендерін анықтау үшін осы аталған кластың 15 минералдар үлгітастары студенттерге беріледі, оларды сипаттауын

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Машанов А.Ж. Кристаллография, минералогия, петрография. А.: Мектеп, 1969. – 367 б. 2. Қожахметова М.Қ. Минералогия, петрография. А.: ҚазҰТУ. 1989. – 114 б.

МАЗМҰНЫ
  Кіріспе....................................................................................................... 10 – З

Кристаллография және минералогия» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Редакторы А. И. Бейсебаева   БЕКІТІЛГЕН: Геологиялық барлау институты ғылымиәдістемелік кеңесінің тө

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги