Бақылау сұрақтары.

1. Пироксендер тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай?

2. Пироксеноидтар тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай?

3. Пироксендер мен пироксеноидтардың қолдануы қандай?

 

Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

 

Үздіксіз тізбек силикаттар, анионды радикалдары [Si2O6] -4 және [SiO3] -2

Ромбылық темір-магнезиалдық пироксендер тобының минералдары: энстатит Mg2[Si2O6], бронзит, гиперстен (Fe,Mg)2[Si2O6].

Аты «пир» – «от», «ксанос» – «бөтен» деген грек сөздерінен шыққан. Бұл топқа ол атты берілгені, бастапқы оларды магмалық таужыныстарға тән емес деп санағандықтан болар.

Ромбылық пироксендерMg+2 және Fe2+-дің метасиликаттары болады. Олар Mg2[Si2O6] – Fe2[Si2O6] үздіксіз изоморфты қатар құрайды.

Энстатит Mg2[Si2O6]. Түсі ақ, ашық-сұр, жиі жасылдан қара-қоңырға дейін, жылтырлығы шыныша, бронзитте – қоладай,гиперстен (Fe,Mg)2[Si2O6]– жасылдан жасыл- және қоңырлау-қараға дейін, жылтырлығы металл тәріздес. Каттылығы 5,5-6. Минералдарды бір-бірінен ажырату қиын. Оларды оптикалық қасиеттері арқылы мөлдір тілімтастарда микроскоп арқылы зерттегенде, тұра сөнуімен және басқа белгілерімен ажыратады. Ал тұра анықтау үшін оны рентгенографиялық әдістермен зерттейді. Темір-магнезиалдық пироксендербұрыс пішінді түйірлерден (7 – суретке сәйкес),түйірлі агрегаттар құрайды.

 

12 34 56 7 8

 

7 – сурет. Авгиттің кристалы (1), көлденең қимасы (2) және егіздігі (3); эгириннің (4), волластониттің (5), горнблендтің (6-7) кристалдары және егіздігі (8)

 

Генезисі (жаратылысы).Магмалық перидотиттерде (гарцбургиттерде), габбро-нориттерде, кейде диориттерде, эффузивтік базальттарда және андезиттерде, метаморфтық кристалдық тақтатастарда, гнейстерде және метеориттерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Оливин, серпентин, магнетит, негізді плагиоклаздар.

Қолдануы.Практикалық маңызы әлі белгісіз.