Кальцийлік моноклиндік пироксендер

Диопсид СаMg[Si2O6].Тұтас түйірлі және радиалды-сәулелі агрегаттар құрайды.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Призмалық, кейде тақташа пішіндері арқылы (7 – суретке сәйкес), қараутты-жасыл және жасылдау-қара түстерімен тез анықталады. Қаттылығы 5,5-6.

Генезисі (жаратылысы).Метасоматиттік – скрандарда кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Эпидот, андрадит, гроссуляр, тремолит, флогопит. Жер бетінде тұрақты болады.

Қолдануы.Мөлдір жарық түстелген хромдиопсидтер зергерлік істе пайдаланады.

Геденбергит СаFe[Si2O6]. Сингониясы моноклиндік, көбінесе радиалды-сәулелі немесе ірі қадалы болады. Түсі қараутты-жасылдан қара-жасылға дейін, сызық түсі жасылдау реңкті ашық-сұр, жылтырлығы шыныша. Қаттылығы 5,5-6,0, жіктілігі (110) призмасында жетілген, ара бұрышы 870.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қадалы пішінімен, қараутты-жасыл немесе қара-жасыл түстерімен жеңіл белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Скарндарға тән минерал. Жер бетінде тұрақты, тек темір сулы тотықтарының қабығы пайда болуы мүмкін.

Парагенетикалық ассоциациясы.Магнетит, темірлі анартастар, сульфидтар (пирротин, халькопирит, қара сфалерит), кальцит, эпидот және басқалары.

Қолдануы.Практикалық маңызы әлі белгісіз.

Авгит (Са,Nа)(Mg,Fe,Аl)[(Si,Аl)2O6].Кристалдары қысқа бағаналы (7 – суретке сәйкес). Жиі тұтас түйірлі агрегаттар құрайды. Түсі қара, сирек қара-жасыл.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Эффузивтардың сеппелерінде, жеке кристалдар ретінде жеңіл белгіленеді. Басқа жағдайда тек қана оптикалық қасиеттерімен белгіленеді.

Генезисі (жаратылысы).Негізді интрузивтік және эффузивтік магмалық таужыныстарында. Метасоматиттік скарндарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Негізді плагиоклаздар, магнетит, кейде оливин. Жер бетінде тұрақсыз, морығанда каолинит, галлуазит, нонтронит, темір сулы тотықтары және опал пайда болады.

Қолдануы.Практикалық маңызы табылған жоқ.