Моноклиндік сілтілі пироксендер

Эгирин NаFe[Si2O6]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Бағаналы келбетімен, қараутты-жасыл немесе қара-жасыл түсімен, сілтілі пегматиттерде эгирин – нефелин – сфен ассоциациясы арқылы жеңіл белгіленеді. Жер бетінде тұрақсыз, морығанда темір сулы тотықтары және опал пайда болады.

Генезисі (жаратылысы).Эгирин сілтілі интрузивтік және эффузивтік магмалық таужыныстарында, олардың пегматиттерінде басты минералдары боп табылады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Нефелин, сфен, дала шпаттар, горнбленд, слюдалар, арфведсонит, содалит, канкринит және басқа сирек силикаттар.

Қолдануы.Практикалық маңызы табылмаған.

Cподумен (Li,Аl)[Si2O6]. Түсі сұрлау-ақ болады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне тән жалпақ тақтай тәріздес призмалық габитусты, жоғарғы қаттылық (6,5-7), жетілген жіктілік. Оптикалық қасиеттері арқылы тез табылады.

Генезисі (жаратылысы).Граниттік пегматиттердің нақты минералы. Морығанда галлуазитке өтеді.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, дала шпаттар, литийлі слюдалар (лепидолит), турмалин, берилл және т.б

Қолдануы.Литийлі слюдаларымен бірге, литийлі өнімдер шығаруға қолданатын көз болады, оларды медицина, пиротехника, фотографияда, шыны шығару ісінде, рентгенографияда және т.б. қолданады. Әдемі түсті және мөлдір гидденит және кунцит асыл тас ретінде пайдаланады.

Жадеит NаАl[Si2O6].Кристалдары сирек кездеседі, жиі тұтас түйіршекті агрегаттар құрайды, Тұтас жасырын кристалды агрегаттардың түсі алмадай-жасыл, жасылдау-көк және ақ болады. Жылтырлығы шыныша, жіктілігі (110) призма бойынша орташа, ал (010) және (100) жақтарында жетілмеген. Жасырын кристалдыларында жарылымдары түзу емес, жаңқалы. Тығыздығы 3,3-3,4.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жасылдау-көк және ақ түстерімен.

Генезисі (жаратылысы).Метаморфтық сілтілі таужыныстарда, сирек метасоматиттерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Глаукофан.

Қолдануы.Әдемі бұйымдар жасайтын тас.

Пироксеноидтар тобы. Сингониясы триклиндік, аниондық радикалдары [Si3O9]-6 и [Si5O15]-10, пироксеноидтарға волластонит Са3[Si3O9], родонит (орлец) Mn5[Si5O15] жатады.

Волластонит Са3[Si3O9].Тұтас тығыз қадалы, радиалды-сәулелі немесе жұқа талшықты құрылымды, түсі ақ, сұрша, сарғыш. Жер үстінде тұрақты.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне ұқсас тремолиттен жетілген жымдастық бойынша және төмен қаттылығымен (4,5-5) ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Скарндардың нақты минералы, волластонит-геденбергитті скарнда белгіленген.

Парагенетикалық ассоциациясы.Анартастар, диопсид, шеелит, молибденит, геденбергит.

Қолдануы.Жоғарғы сапалы керамика және глазурь өнімдеуге пайдаланады.

Родонит Mn5[Si5O15]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Тұтас агрегаттарда қызғылт түсімен оңай белгіленеді. Тотыққан түрлеріне марганец сулы тотығы (вернадит деп аталатын) кіретін қара түсті желішектер, тандақтар мен дендриттер тән.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы минерал ретінде гидротермалық, метасоматиттік және аймақтық метаморфизм таужыныстарында.

Парагенетикалық ассоциациясы.Метасоматиттік: родохрозит,Mn, Zn, Pb сульфидтерімен. Метаморфтық: бустамит, анартастар, кварц, марганец карбонаттары.

Қолдануы.Әдемі және тұрақты түрлері зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланады.

Әдебиеттер: [1, c. 749-771, 790].