Силлабус

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаева Рабиға Рахманбердіқызы; Байланыс телефоны: 87019992878, rahmanberdina@mail.ru; 70-95-00 (32-233) (жұм.); kafedra_kaz@enu.kz; Ғылыми мектебі: 2005 жылы ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтың жетекшілігімен «Қазақ баспасөзінің лексикасы мен фразеологиясы (1990-2005 жылдары)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми қызығушылығы: Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері, қазақ тілінің функционалды грамматикасы мен коммуникативтік грамматика.

2. Практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұсабекова Алдан Алтайқызы; Байланыс телефоны: 8 701 682 69 68; 48-87-78, aldankz46astana@mail.ru; 70-95-00 (32-233) (жұм.); kafedra_kaz@enu.kz; Ғылыми мектебі: Мұсабекова А.А. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі М.С.Серғалиевтің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын ғылыми кеңесте қорғаған; Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілін журналистика мамандығына оқитын басқа тілді студенттерге ситуациялы тапсырмалармен оқыту.

3. Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Салықжанова Шынар Байронқызы; Байланыс телефоны: 87776572704, akbulak07@mail.ru; 70-95-00 (32-233) (жұм.); kafedra_kaz@enu.kz; Ғылыми мектебі: Абай атындағы ҰПУ, ізденуші; Ғылыми қызығушылығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны.Кәсіби қазақ тілі. Код:: RK (R) Ya 2218, RK (R) Ya 2207. Кредит саны– 2

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, 3 семестр.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері:Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 - негізгі стандарттан жоғары деңгей)

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей)

5 Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің аты

Пән студенттің мамандығына қатысты кәсіби лексикасын қалыптастыруға, оны дамытуға бағытталған.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты:

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру;

5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

- кәсіби мәтін түрлерімен, олардағы мамандыққа тікелей қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Кәсіби мәтін түрлерін талдауда мамандыққа қатысты сөздермен бірге өз мамандықтарымен байланысты танымдық материалдарды игеріп, оларды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде айта алатындай, сондай-ақ жазбаша жұмыстар жүргізетіндей дағдыларды қалыптастыру. Соның негізінде студенттердің кәсіби бейімін екі тілде жұмыс істеуге дағдыландыру.

тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

- студенттердің кәсіби сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- болашақ мамандардың мемлекеттік тілде өз мамандығы бойынша мағлұмат алатындай деңгейге жеткізу, мәтінді еркін игеруге машықтандыру;

- кәсіби лексиканы игерту ауқымында салалық терминологиямен таныстыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

Апталар Тақырып аты Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1 апта Сәулет өнері.Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі Практ.–2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Шығыс сәулет өнері туралы мәлімет.
2 апта Құрылыс материалдары. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Практ. - 2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз?
3 апта Қазақтардың ежелгі баспанасы -киіз үй. Септік жалғаулары. Көнерген сөздер. Практ. – 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Киіз үйдің тарихы
4 апта Ағашқа ою салу өнерi Домбыраның құрылысы.   Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері туралы мәлімет дайындау
5 апта Қазақстанның жер бедері. Геодезия ғылымы туралы Тәуелді септеу. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Өз туған жерінің ерекшелігі жайлы баяндау дайындау
6 апта Сіз Сарыарқа даласы жайлы білесіз бе? Қазақстандағы құрылыс Мекенді білдіретін грамматика. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Қандай көркем туған өлкем» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
7 апта Қазақ архитектурасы Қазақ архитектурасының даму тарихы. Мезгіл, мекен үстеулері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» эссе жазу.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
8 апта Қ.А. Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр құрылысы. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Арыстан баб кесенесі» және «Тайқазан» туралы не білеміз?
9 апта Шегесіз салынған мешіт Шылау және оның түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Хазірет-Сұлтан» мешіті», «Нұр-Астана» мешіті
10 апта Норман Фостер — сәулетші. Сан есімді қайталау. Тәуелдік жалғауы. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. «Бейбітшілік пен Келісім сарайы», «Хан шатыр»
11 апта Мысыр пирамидаларының сыры. Пирамидадағы пәктік пен парасат. Сан есімнің түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Пирамиданың қасиеті
12 апта Мүсін өнері. Интерьер. Сапалық, қатыстық сын есім. Практ. – 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қазақстандағы мүсін өнері мен интерьер саласы
13 апта Ұлы Қытай қорғаны. Шылаудың түрлері. Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Қытай елінің сәулетшілері туралы шолу жасау
14 апта Тәж Махал -махаббаттың символы.Заттың сын-сипатын түсі бойынша сипаттау Практ.- 2 сағ. БӨЖ - 4 сағ. Семирамида аспалы бағы, Айша бибі кесенесі
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
15 апта Әлемдегі ең қауіпті көпірлер Күшейткіш үстеу. Практ. - 2 сағ. БӨЖ – 4 сағ. Қазақстан көпірлері
Барлығы: 90 сағ. прак.сабақ – 30 сағ., БӨЖ-60 сағ.

6. Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі:

Міндетті әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.Алматы: Таным, 2003

2. З. Күзекова , Р.М.Әбдіқұлова Қазақ тілі. Алматы «Раритет» 2011 ж.

3. З.Күзекова Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). Астана, 2010.

4. Қазақ тілінің грамматикасы.

5. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Және т.б. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақша-орысша сөздік-анықтамалық. Құрастырған. Астана,2006

2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Астана. 2001.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы. 1998-2007.

4. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі.

6. Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 1999 г.

7. Қазақ тілінің салалық термин сөздері. – Астана, 2000 ж.

8. http://www.info-tses.kz/

9. http://abai.kz/node/1982

10. http://referats.promail.kz/

11. http://www.zamana.kz/

12. http://alashainasy.kz/

13. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Геология – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2003 жыл.

14. Қазақ энциклопедиясы.

15. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөдігі. География және геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2007 жыл.

16. Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ., Ақанова Д. Қазақ тілі оқу кешені. Алматы, 1996.

7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеу формасында екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау: - 20%

БӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Аралық бақылау:

Тест - 20 %

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау - 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

8. Оқу пәнінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар барысында БӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері - тест жұмысы.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

 

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

§ органикалық (, қарамай, синтетикалық шайыр , т.б.) және бейорганикалық (цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

§ жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика , бетон , темір – бетон, асбест, цемент, темір және силикаттан жасалған бұйымдар);

§ ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

 

Геодезия – жер туралы ғылымның бір саласы. Бұл ғылым жердің пішіні мен мөлшерін зерттейді, жер бетінің жоспары мен картасын салады.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.

Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан.

Интерьер -үйдің ішін безендіру өнері. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.

Диалог –екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым- өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Эссе– берілген тақырыпқа студент өз ойы мен пайымдауын жеткілікті еркін формада баяндай алатын шамалы жазба жұмыс.

Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.Алматы: Таным, 2003

2. З. Күзекова , Р.М.Әбдіқұлова Қазақ тілі. Алматы «Раритет» 2011 ж.

3. З.Күзекова Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). Астана, 2010.

4. Қазақ тілінің грамматикасы.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақша-орысша сөздік-анықтамалық. Құрастырған. Астана,2006

2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Астана. 2001.

3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы. 1998-2007.

4. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі.

6. Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 1999 г.

7. Қазақ тілінің салалық термин сөздері. – Астана, 2000 ж.

8. http://www.info-tses.kz/

9. http://abai.kz/node/1982

10. http://referats.promail.kz/

11. http://www.zamana.kz/

12. http://alashainasy.kz/

13. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Геология – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2003 жыл.

14. Қазақ энциклопедиясы.

15. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөдігі. География және геодезия. – Алматы: «Мектеп» баспасы. 2007 жыл.


Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес тақырыптар негізінде мәтіндерді оқып, берілген тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру кезеңдері тәлімгерлерге арналған оқу-әдістемелік кешен негізінде, оқытылған лексика-грамматикалық тақырыптарға сай жасалады. Білімгерлердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалары аралық және ағымдық бақылаулар бойынша жүргізіледі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушылар үшін бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қорытынды деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.

БӨЖ тапсырмалары

 

Апталар Тақырып аты Тапсырма түрі Сағат саны
1 апта Шығыс сәулет өнері туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
2 апта Құрылыс өнеркәсібі туралы не білеміз? Әңгімелеу 4 сағ.
3 апта Киіз үйдің тарихы туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
4 апта Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері туралы мәлімет дайындау. Реферат дайындау 4 сағ.
5 апта Өз туған жерінің ерекшелігі жайлы баяндау. Эссе жазу 4 сағ.
6 апта «Қандай көркем туған өлкем» . Эссе жазу 4 сағ.
7 апта «Ш.Уәлиханов – ірі ғалым» Эссе жазу 4 сағ.
8 апта «Арыстан баб кесенесі» және «Тайқазан» туралы не білеміз? Реферат дайындау 4 сағ.
9 апта «Хазірет-Сұлтан мешіті», «Нұр-Астана» мешітінің құрылысы мен сәулеті туралы мәлімет дайындау. Баяндау 4 сағ.
10 апта «Бейбітшілік пен Келісім сарайы», «Хан шатыр» туралы ақпарат дайындау. Әңгімелеу, презентация жасау 4 сағ.
11 апта Тутанхамон қазынасы. Баяндау 4 сағ.
12 апта Қазақстандағы мүсін өнері мен интерьер саласы жайында пікірталас. Әңгімелеу 4 сағ.
13 апта Қытай елінің сәулетшілері туралы шолу жасау Баяндау 4 сағ.
14 апта Семирамида аспалы бағы, Айша бибі кесенесі туралы мәлімет дайындау. Реферат дайындау 4 сағ.
15 апта «Қазақстан көпірлері» тақырыбына байланысты мәлімет жинау. Баяндау, презентация жасау 4 сағ.

 


Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.