Баспана - ауа алмасу-

Ағаш - Көшпелі құрылыс –

Киіз - дауылға шайқалмайды -

Ши - күмбез –

1.1.3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1.1.4. Тиісті сөздерді мағынасына қарай орнына қойып, мәтінді толықтырыңыз.

Киіз үй – көптеген ... бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ... халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше ... болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы ... тұрғын жайлар пайда бола бастады.

Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз ... кезіп жүрген. Арба үстіндегі жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

(Керекті сөздер: ежелгі, үй-ордалар, жылжымалы, тұрғын, ғасырлар, қолайлы)

1.1.5. Кестені толтырыңыз.

Сөздер атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
халықтың              
баспанамен              
тұрмысы              
даласында              
ағаштан              
киіз үйін              

Екінші сабақ

2.Киіз үй өлшемдері.

Грамматика: көнерген сөздер

2.1.1. Мәтінді оқыңыз.

Киіз үй өлшемдері.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады: Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері). Киіздері (ши де осыған кіреді). Бау шылаулары (баулары мен басқұр арқандары). Киіз үй бөліктерін дайындағанда экологиялық таза, табиғи материалды қолданған, яғни ешқандай денсаулыққа зиян келтіретін синтетикалық қоспалары жоқ.

Киіз үйді тіккенде алдымен керегелерді бір – біріне қосып, оның екі жағын есік босағасына таңғыштар арқылы бекітіледі. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруының себебі оның салмағы осы бас арқанға түсетінімен түсіндіреледі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан – жағынан уық шаншылады. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады. Оның биіктігі жарты метрдей, онымен үй айнала орала жабып , түсіп кетпес үшін әр жерінен керегеге байланады. Ірге киіз желді күні шаң, топырақтан, қыста суықтан қорғайды. Осыдан кейін туырлық жабылады да, ол туырлық бау (құр) арқылы уықтан асып, қарсы керегеге байланады. Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан бастап жабылып, ол да бау арқылы белдеуге байланады.

2.1.2. Мәтіннен киіз үй құруға қажетті заттардың атын тауып, теріп жазыңыз.

2.1.3. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.

«Киіз үй жасаулары»

Сағақты кереге

Шаңырақ біреу,

Шаңыраққа сексен уық болар тіреу

Алты қанат боз үй дейсің мұны,

Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу.

Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,

Керегенің басында адалбақан

Төрдегі текеметке малдас құрып

Көнен хикаясын шертер атаң.

Іргеден маңдай төсеп еспе желге

Қымыз іш

Сырқат қалмас еш денеңде.

Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық

Артық мүлік болмайды көшпелі елде.

Тап-таза,

Ететұғын ауасы жас,

Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.

Жылы, жеңіл

Тігуі, жығуы оңай

Үй басуды үйренер зерделі жас.

2.1.4. Жоғарыда берілген өлең жолдарынан қазіргі кезде тұрмыста қолданбайтын (көнерген сөздер) заттардың атауын тауып жазыңыз.

БӨЖ:Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері жайлы айтыңыз

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Киіз үй құрылысы туралы айтыңыз.

2. Киіз үй құруға қажетті заттарды атаңыз.

3. Киіз үйдің физикалық қасиеті туралы не білесіз?