рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Египет пирамидасы

Египет пирамидасы - раздел Геология, В072900- құрылыс, 5В071100 –Геодезия және картография Грамматика: Сан Есімнің Түрлері ...

Грамматика: Сан есімнің түрлері

Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту, берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру, игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру

1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысып, сөйлем құраңыз.

Перғауын, ғибадатхана(храм), әу бастан, о дүниеде, ұдайы, ұшар басында, бір нүктеде түйісу,алып құрылыс.

2. Мәтінді оқыңыз.

Пирамидадағы пәктік пен парасат

Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді-кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадатхана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдайға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
Иә, Египеттегі көне заманғы дінде о дүниедегі өмір жөніндегі наным-сенім ерекше мән-маңызға ие болып, ол пирамидалар мен ғибадатханалардың стилін қалыптастыруға, дамытуға, ежелгі Египеттегі сәулет өнерінің өркендеуіне игі ықпалын жасады. Әу баста о дүниеге перғауындар ғана бара алады деген пікір қалыптасып, перғауындар өлгеннен кейін өз аманаты бойынша отбасы мүшелерін, маңайындағы адамдарды о дүниеге ала кетуге құқылы болған. Содан ол өлгеннен кейін әлгі адамдарды да өлтіріп, пирамиданың жанына жерлеу салты орын алған...
Геродоттың айтуынша, Хеопс пирамидаларды тұрғызуға бүкіл халқын екіге бөліп, жұмылдырған. Ол алдымен Ніл дариясының жағасына Арабия тауларынан үйтастар жеткізуді бұйырған. Халықтың қалған бөлігі әлгі үйтастарды Ливия тауларының етегіне тасып жеткізген. Жұмысқа ұдайы жегіліп, олар әр үш ай сайын алмастырылып отырған. Осылайша он жылдың ішінде жаңағы блоктарды өзенге жеткізетін жол төселіп, пирамиданы тұрғызу жиырма жылға созылған. Біздің Қыпшақ Бейбарыс Сұлтан бабамыз өз заманында Мысыр пирамидасының ұшар басына қазақтың киіз үйін тіктірген.

3. Мамандығыңызға қатысты сөздерді көрсетіп, олармен сөйлем құрастырыңыз.

4. «Тіршілік уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады» дегеннің мағынасын түсіндіріңіз.

5. Мәтінде айтылған негізгі ойларды тезис түрінде көрсетіңіз.

6. Пирамиданы салудағы мақсат неде, өз ойыңызды жазыңыз.

7. Мәтіннен мезгілдік конструкцияларды анықтаңыз.


Екінші сабақ

ПИРАМИДАНЫҢ ҚАСИЕТІ

Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қасиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К.Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет-әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқан-ды. Соның бір шоғыры мынандай: ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады, арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады, балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады, су борсымайды, сүт көпке дейін ашымайды, сыр көгермейді, пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды, кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады, «пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді. Күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады. Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отыр? Бұл әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия. Пирамиданың біз жоғарыда әңгіме еткен таңғажайып қасиеттеріне тәнті болған батыстағы көптеген фирмалар қазір құрылымы алуан түрлі «тұрмыстық пирамидаларды» жасап,халық игілігіне жаратуда.
Әлем ғалымдары бірауыздан мойындап отырғанындай, Мысырдағы Хеопс пирамидасының ғажайып қасиеті шексіз. Тіпті оның барлық өлшемдерін (146,59 метр биіктігін, табан қабырғасының 230,35 метр ұзындығын және бүйірлерінің 51051І еңістігін) негізге алып олардан «пи» санын, Жерден Күнге дейінгі қашықтықты, Жердің салмағын, оның полярлық радиусын, Күн мен Айдың массасын, Жердің орташа тығыздығын есептеп шығаруға болады.
Ішінде жерленген перғауынның денесі шірімей, тас болып қатып қалуына пирамиданың таңғажайып қасиетінің әсер еткеніне ғалымдар таласпайды. Өйткені, пирамида ішінде кез келген ет сасымайды, бұзылмайды, тастап кеткен ұстара қайта жаңарып, өткір қалпына келеді. Пирамиданың таңғажайып құпия сырға толылығы, оның қуыстарының, бөлмелерінің құ-пиясын ашқан ғалымдардың, зерттеушілердің, археологтардың бірінен соң бірінің еш себепсіз көз жұмғандығы. Әлде бұл олардың пирамида ішіндегі аруақтардың мазасын алғандығынан ба, ол бір ғана Аллаһ Тағалаға мәлім жағдай... Жалпы, бұл орайда пирамида астындағы Тутанхамон бейітінен шыққан тұмарлардың бірінде: «Мен шөл даланың шақыруы бойынша бейітті қорлағандардың жанын жаһаннамаға жіберетіннің нақ өзімін. Мен Тутанхамон бейітін қорғап тұратынның нақ өзімін» деп жазылғаны біздің ойымызды растап, көп сырды аңғартқандай. Тағы бір еске алатын жағдай, құрылыста пирамида жүйесін пайдаланған коптар (Египеттің ежелгі жұртын коптар деп атаған. Арабтарды ежелгі египеттіктердің ұрпағы деп санау – қателік) мен Майя халқы не себепті із-түссіз жоғалып кетті, ол да әлі күнге дейін белгісіз құбылыс, тарихи тылсым оқиға...
1. Мәтінде айтылған негізгі ойларды тезис түрінде көрсетіңіз.

2. Пирамиданың қандай қасиеттері туралы айтылады?.

3. Мәтінде құрылыс,сәулет саласынан басқа қай саланың терминдері кездеседі?

4.Пирамида үлгісіндегі сәулет өнерлері қазір кездесе ме? Өз ойыңызды жазыңыз.

БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Тутанхамон қазынасы.

Ағымдық бақылау тапсырмалары:

1. Пирамиданың құрылысы туралы айтыңыз.

2. Пирамиданың құпиялары туралы не білесіз?

3. Әлемдегі ерекше құрылыс нысандары туралы ақпарат.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

В072900- құрылыс, 5В071100 –Геодезия және картография

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Практикалы аза тілі кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Египет пирамидасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының 

Баспана - ауа алмасу-
Ағаш - Көшпелі құрылыс – Киіз - дауылға шайқалмайды - Ши - күмбез – 1

Интерьер
Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру ө

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги