АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / СЫНЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАР (переломы и трещины).

Ашық және жабық түрдегі сынықтар ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйек сынықтары жұмсақ теріні кесіп сыртына шығады.

Жабық сынық кезінде тері бұзылмайды, сынған жерде ішкі қан кету, ісік және ауру пайда болады.

 

ҚАЛАЙ АЛҒАШКЫ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕРЕК?

Ашық сыңық кезінде:

  1. Сынған жерден киімді шешіп (керек болса кесіп), терінің зақымданбағанына (не повреждена) қөз жеткізу. Егер тері зақымданған болса, онда оны бірден орау керек.
  2. Қан кетуді тоқтатып, саусақпен үлкен тамырларының жараның төменгі және жоғары жағын басып, немесе жгут салу қажет.
  3. Ластанудан сақтау үшін, жараның айналасың йодпен немесе спиртпен өндеп, залалсыңдандырылған бинт таңу.

Жабық сынық кезінде:

  1. Салқын компресс қою.
  2. Зақымдаған жерін, сүйек қозғалысы болмау үшін, уақытша шинаға байлау.
  3. Сынықтың кез келген түрінде жарақаттанушыны толық қимылсыз тыныштықта қалдыру керек.

 

Шина салу:

  1. Егер қол астында арнайы шина болмаса, орнына тақтайшаны, фанера тілімін, таяқты қолдануға болады.
  2. Шина тағу: тақтайшаны дайындау, сынықтан бір буынға жоғары және төмен қамтитындай. Жарақаттанған жерді тақтайшамен қозғалмайтындай етіп бинтпен немесе оны алмастырушы материалмен байлау керек.
  3. Егер шина үшін материал болмаса, мысалы, қол жарақатталса, пиджактың жеңінің шынтақ жерін бүгіп, қолды денеге асылатындай етіп байлауға болады.

Иық сынғанда алғашқы көмекті екі адам көрсету керек: біреу жарақаттанған қолды ұстап, иықты сәл төмен тартады, екіншісі бір шинаны ұшы қолтыққа жететіндей етіп ішкі жағына қозғайды, ал екінші шинаны сыртына салады. Шиналар дұрыс қойылған соң, байлайды. Колды байланған орамалға іледі.