СУДА / КӨП УАҚЫТ СУЫҚ СУДА БОЛУЫ (Пребывание в холодной воде).

Абайсызда суық суға құлаған адам сасқалақтап қалады. Бірінші минуттардан оның демі, жүрек соғысы көбейіп, қысымы жылдам артады. Осындай қалыпта адам 2-3 минут болады. Дәл осы уақыттарда адам су жұту қауіпі көбейіп, дем алыуы де көбейе түсіп, аяқ-қолы тартылуы мүмкін.

Суық суда адам денесінің жылуы өте тез төмендейді. Осындай уақыттарда адам денесі сыртқа шығарған жылуынан 2 есе аз өндіреді. Адам ағзасы суыққа қарсы қорғана бастайды. Сондай жағдайда адамның аяқ қолы қозғалысын жоғалтады. 100С суық суда ең жақсы жүзуші, дәрігерлік дайындықтан өтпеген жағдайда 15-20 минут болып кетеді.

150С суық суда адам су астында дем тоқтатуы да азаяды. Жалпы айтқанда 15-20 сек.

Сөзімізді түйіндей келсек дайындықсыз суға түспеуге тырысу керек. Ал кей жағдайда амалсыз түсу керектігі туады. Сондай уақыттарда мынандай ережелерді сақтау керек:

  1. Суға бірден түспей ақырындап денеңізді үйретіп түсіңіз.
  2. Басыңызды судан жоғары ұстауға тырысыңыз. Тым болмағанда алғашқы уақыттарда.
  3. Деміңізді бір қалыпта сақтауға тырысыңыз.
  4. Суық суға түскенде арнайы киім киіңіз, ол дене жылуын сыртқа шығуды азайтады.