РЛЫҚ / ПОЕЗДАҒЫ ҰРЛЫҚ.

Сіздің әрекетіңіз:

  1. Бірден затыңыздың жоғалғаны туралы вагондағы проводникке немесе бастығына ескертіп айтыңыз.
  2. Вагонда милиция қызметкерлері, вагоның бастығы мен проводник, жоғалған затыңызды тауып беруге көмектесуге тиіс.
  3. Егер, вагонда милиция қызметкерлері жоқ болған жағдайда, затыңыздың жоғалғаны жайлы, жақын маңайдағы транспорттық милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
  4. Берген арызыңызда, тұрақты мекен-жайыңызбен, барар жеріңізді және міндетті түрде затыңыздың дәл қай жерде, қай кезде жоғалғанын, купеңіздегі адамдардың сырт келбетін, қандай адамдардың купеге кіріп-шыққанын, купенің жанында қандай адамдардың жүргенін есіңізге түсіріп, анықтап, ақиқаттын жазыңыз.