Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.

Шликерлі әдісте шикізатты іріге бөлшектеу дезинтеграторлы білікте, жоңғыш, білікті тісті ұсақтағыш; майда ұнтақтау және сазды босату үшін шарлы диірмен, қалақты араластырғышта немесе үздіксіз әрекеттегі арнайы машинада жүргізеді.

Сазды ыстық сумен босатып не жібітіп шликер алу үшін және қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде сазшайқалтқыш (глинаболтушка) пайдаланады, ондағы тас түйірлерін ажыратып бөліп алу мақсатында шликерді ойық елекке, содан соң кранды араластырғыш компрессорлы ауамен шликерді пісу үшін қондырғымен жабдықталған ашық шлам бассейнге жібереді.

Керамикалық плиткалар өндірісінде сазды үздіксіз босату үшін үздіксіз әрекеттегі машина пайдаланылады. Шликерлі әдісте жеке компоненттерді араластыру үшін (иілгішті, жүдеткіш, плавни) силоксанды немесе фарформен қапталған шарлы диірмен және түрлі конструкциядағы қалақты араластырғышта жүргізеді.

Массаны шликерлі әдіспен дайындау барысында тасты қоспаларды толығымен ажыратып алады, сазды материалдың құрылымын барынша бұзып және жоғары дәрежедегі біртекті массаны, сонымен қатар құю әдісі түрлі күнделікті конфигурациядағы бұйымдарды алуды қамтамасыз етеді.

 

Тапсырма:

1. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты ірі бөлшектеуге арналған құрылыс машина жабдығын таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.

2. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты майда ұнтақтауға арналған жабдықты таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.

3. Сазды және қоспаны ұсақтауға арналған қондырғыны таңдаңыз. (Сурет 8-26)

4.Көрсетілген 8-26-суреттерден керамикалық массаны шликерлі әдіспен дайындауға арналған жабдықты таңдаңыз.

5.Иілгішті әдіспен массаны дайындау процессін суреттеңіз. Механикалық қондырғының атын атай отырып, схемасын салыңыз (8-26 сурет)

6.Механикалық қондырғының атын атай отырып, массаны жартылай құрғақ әдісімен дайындау процессін суреттеп беріңіз (8-26 сурет)

7. Массаны шликерлік әдіспен дайындау процессін, механикалық жабдықты көрсете отырып суреттеп беріңіз (8-26 сурет).

 

Бақылау сұрақтары:

1. «Шикізатты өңдеу» дегенді қалай түсінесіз?.

2. Құрылыс керамика өндірісінде массаны дайындау әдістері қандай?

3. Құрылыс керамика өндірісіндегі шикізаттық материалдарды атаңыз.

4. Шикізаттық материалдарды ірі бөлшектейтін жабдықты атаңыз.

5. Майда ұнтақтауға арналған жабдықтарды атаңыз.

6. Керамикалық массаны дайындау әдісін таңдаудағы факторлар.

 

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

құралы, Шымкент, 2004.-75б.

2. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,

А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,

1989-567с.

3. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое

оборудование предприятий строительных материалов, изделий и

конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.

4. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий

строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,

1971-556с.

5. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

6. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989

7. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М. Высшая школа, 1989.

8. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

Справочник. - М: Высш.шк., 2004

9. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

10. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

11. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
керамики. -М.: Высшая школа, 1985