Кіріспе

 

Керамика өндірісі халық шаруашылығының ең маңызды саласы.

Керамика қазіргі күнге шейін өзектілігін жоғалтпаған ең ежелгі құрылыс материалы болып табылады.

Керамикалық материалдардың әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылуы, оның ұзақ мерзімділігі мен жоғары көркемдік-безендіру және эксплуатациялық сапалылығымен, бастапқы шикізаттың көп таралуымен анықталады.

Құрылыста ерекше орынды құрылыстық керамика алады, оған қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар, қасбеттік (плиткалар, беттік кірпіш), жабындық (черепица), канализациялық және дренаж құбырлары, санитарлық-техникалық (жуыну үстелдері, ванна және т.б.), еденге арналған қаптағыш плиткалар, қышқылға төзімді бұйымдар жатады. Сонымен қатар, құрылыстық керамикалық материалдарға бетонға арналған толтырғыштар да кіреді (керамзит, аглопорит).

«Құрылыстық керамиканың технологиясы» пәні оқу жоспарына сәйкес 4 кредитке есептелген (2 кредит - дәрістік; 2 кредит – практикалық сабақтар, курстық жобаны орындау).

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәні бойынша практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулықта 15 тақырып бар, олар 30 сағат ішінде орындалуға есептелген. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмаларды орындау барысында студенттер пәннің типтік бағдарламасының барлық тарауларын терең меңгереді: әсіресе құрылыс керамикасын өндіруге арналған табиғи және техногенді шикізаттар, шикізат қасиеттері, керамикалық материалдарды өндірудегі технологиялық шек-көлемі, әртүрлі құрылыстық керамика материалдарының технологиялық ерекшеліктерін және оның қасиеттерін бағалауды үйреніп, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін меңгереді.

Әдістемелік нұсқаулықта сазды шикізат пен қоспаны, беттік, қасбеттік әрлеу, еденге арналған плиталарды зерттеудегі заманауи әдістер мен құрылыстық керамика өнеркәсібіндегі механикалық жабдықтар қолданылған.