Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: әр түрлі қасбетттік керамикалық плиткалардың технологиялық ерекшеліктерін білу және сапасын бағалау.

Ғимараттың қасбетін қаптауға арналған керамикалық плиткаларды кірпішті ғимараттың сыртқы жағын, лоджия, эркер, фриз, терезе мен есік жақтауларын айналдыра қаптауға және ғимараттың арихитектуралық элементтерін безендіру үшін, жерасты жаяу жүргіншілердің переходтары мен транспорт жүретін қозғалыс жерлерінде кеңінен қолданылады. Плиткалар қоршаған атмосфера әсерлеріне, аязға төзімділік пен түске төзімділікке қарсы төзімді.

Негізінен плиткаларды ұнтақ тәрізді массадан пресстеу әдісі арқылы және керамикалық суспензиядан құю әдісімен өлшемі 21х21мм, 46х21мм, 292х192мм, қалыңдығы 3-тен (құйылған) 4-9мм –ге дейін (пресстелген) төртбұрышты және тік бұрышты етіп өндіреді.

Түсті әйнекеленген плиткалар сәулетшілерге ғимараттарды әрлеуде жоғары көркемдік дейгейде және құрылыс кешендердің түсті және сәулеттік шешімдердің үлкен әр түрлілігін шешуді қамтамасыз етеді, бұл типтік толық құралмалы құрылыста маңызды. Құрылыста қасбетті қаптау үшін ақшаңқай және боялған (жеңіл балқитын) саздарды, жүдеткіш материалдар - шамот, кварцты құм мен плавни- шыны сынықтары, перлит, нефелинді концентрат және басқалар қолданылады. Саз төмен температурада пісуі тиіс, күйдіргеннен кейін біркелкі түсте болуы қажет (әйнекеленбейтінді өндірісінде- ашық тонда болғаны дұрыс) және кептіру мен күйдірудегі тұрақты шөгуді қамтамасыз ету үшін құрамы бойынша біртекті болуы керек.

Жұмыс жасау жағдайына байланысты плиткалардың сусіңіргіштігі 8-10%, ал қатаң шарттар үшін 5% артық болмауы, аязға төзімділігі сәйкесінше 35 және 50 цикл болуы тиіс.

 

Тапсырма:

1. Керамикалық фасадты плиткалардың түрін өрнектеңдер.

2. Фасадты плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.