Стандартқа сәйкестігін бағалау

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

 

Сабақтың мақсаты: еденге арналған керамикалық плиткалардың технология ерекшеліктерін меңгеру және сапасын бағалау

 

Еденге арналған керамикалық плиткаларды ғимараттағы едендерге төсеу үшін пайдаланады, оларға тазалық жағынан өте жоғары талаптар қойылады (аурухана, мектеп және т.б.), май және басқа да химиялық реагенттер әсер ететін, қарқынды қозғалыстар болатын жерлерде (баспалдақ клеткалры, вокзал, сауда залдары және т.б.), сонымен қатар егер де еденге арналған материал ғимараттың сәулеттік безендіру мен әсемдеу элементтері ретінде (қоғамдық ғимараттың вестибюленде, холл және т.б.). Химияға тұрақтылығы жоғары болғандықтан (қышқылғатөзімділігі 97-98%) мұндай плиткаларды химия өнеркәсібіндегі цехтарда еденге төсеу және футеровка жасайтын материал ретінде де қолданылады. Олардың кеуектілігі, отқатөзімділігі төмен, қажалу не сырылу күштеріне жоғары қарсыласады.

Плиткалардың көркемдік -декорлы сапасын жоғарылату үшін оларды пресс-формаға шаблон бойынша себілетін, әр түрлі боялған саз ұнтақтарын пресстеу жолымен орындалатын көп түсті өрнектерде немесе әйнекеленген плитканың беткі қабатына түрлі(көп) түстегі өрнектерді шелкография әдісімен түсіріп дайындайды.

Негізгі компонент болып табылатын Пайдаланатын саздың өндірістік жағдайы мен химиялық құрамына байланысты масса рецептсіне еденге арналған плиткалардың құрамында 70-75% саз (немесе саз араласы) және 25-30% плавни (нефелинді концентрат, перлит, жеңіл балқитын шыны сынықтары).

 

Тапсырма:

1.Едендік плиткалардың түрлерін суреттеңдер(суретін салыңдар)

1. Едендік плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау әдістерін көрсетіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңіздер.