Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты:керамикалық материалдар шикізатының химиялық құрамын білу, құрамының шикізат пен бұйым қасиеттеріне және өндіру технологиясына әсер етуін меңгеру.

Саздың химиялық құрамы пайыздық мөлшердегі тотықтар құрамымен сипатталады. Түрлі саздың құрайтыны болып ең негізгі және міндетті тотық кремнезем SiO2 (40-70% аралықта өзгереді) және глинозем Al2O3 ( 15-35% дейін). Саздың тұрақты компоненті болып К2О және Na2O (қоса есептегенде 1...5), химиялық байланысқан Н2О (5..15% шамасында). Fe2O3 (0..7%) жиі кездеседі. Сазда басқа қосылыстар, мысалы Ті2О, MqO, Са және Mq карбонаттары, органикалық қоспалар кездеседі.

Каолинит минералы 39,5% Al2O3 (глинозем), 46,5% SiO2 – (кремнезем) және 14,0% Н2О (химиялық байланыстағы су) тұрады. Бірақ, құрамында айтарлықтай әр түрлі аралас қоспалардың болуынан, табиғатта кең тараған саз көптеген химиялық қосылыстардан тұрады. Химиялық саралаудың нәтижесі бойынша саздың көп қасиеттері туралы айтуға болады. Құрамындағы глиноземның болуына байланысты сазды отқатөзімділігі бойынша әр түрлі класқа, Al2O3 + Ті2О қосынды құрамы бойынша күйдіру кезіндегі бұйымның деформацияланатын температурасы жайлы, Fe2O3+ FeO қосындысы және К2О – b Na2O сілтілері бойынша – саздың жеңілбалқығыштығы мен ісінуге қабілеттілігі жайлы айтуға болады. Мұнымен қоса, сілтілердің едәуір құрамы, әсіресе К2О, саздың құрамында слюда мен гидрослюданың көп екенін білдіреді. Fe2O3 мен Ті2О мөлшерімен шикізатты бояғыш тотықтар құрамы бойынша жүйелейді, сондықтан да ақ және түсті бұйымдар өндірісі үшін оның жарамдылығы туралы жорамалдайды.

Саздағы кремнеземның құрамы басқа химиялық қосылыстармен салыстырғанда жоғары -70% -ға дейін. Кремнезем екі түрде болуы мүмкін- сазды минералда химиялық байланыс түрінде және еркін майдадисперсті кварц араласы түрінде. Құмы көп саз әдетте жеңілбалқитын болады.

 

Тапсырма:

1. Бояғыш қоспалардың химиялық формуласы мен сазды шикізатқа беретін түстерін жазыңыздар.

2. Химиялық құрамы: SiO2 –55,48%, Al2O3 - 20,50%, Fe2O3 - 8,10% CaO-3,00%, MqO - 2,35%, Na2O – 2,56%, K2O -1,00%, қ.к.ш.-8,00% болатын саздағы каолинит пен құмның мөлшерін анықтаңдар. СаО толығымен СаСО3 -ң құрамына, Na2O- дала шпатының (плагиоклаз), MqO – слюданың: 4MqO·K2O·2Al2O3 · 6 SiO2 ·2Н2О. құрамына кіреді деп болжауға болады.

3. Августиник диаграммасын пайдаланып (1-сурет) саздың химиялық құрамын (%) алдын ала мольдік құрамға айналдырып алып, келесі химиялық құрамдағы (1-кесте) түрлі сазды шикізаттың шамамен қолдану аясын анықтаңдар.