Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Жұмыстың мақсаты: түрлі зат үлгілерінің рентгенограммасын пайдалана отырып, сазды шикізаттың минералогияық құрамын анықтайтын қәзіргі заманғы ғылыми- техникалық әдістерін меңгеру.

 

Рентгенограммалық талдау арқылы зерттеулер әр түрлі материалдардың құрамын, құрылысын анықтауда кеңінен қолданылады. Рентгенографиялық талдау үшін толқын ұзындығы 10-2 – 102 А0 аралығындағы рентгендік сәулелерін қолданады. Рентгендік құбылыстарда рентген сәулесін алу үшін металл антикатодпен жоғарғы қысым әсерінен жеделдетілген электрондардың соқтығысуын қолданады. Осылайша туындаған рентген сәулесін толқын ұзындығына байланысты қатты және жұмсақ деп, спектрлік құрамына байланысты - үздіксіз (тұтас) антикатод затының табиғатына тәуелді емес және тек қана антикатод затының табиғатымен анықталатын сипаттамалық (сызықтық) болып, сондай-ақ әртүрлі ұзындықтағы толқындардан құралған полихроматты және бірдей толқын ұзындықтағы толқындардан тұратын монохроматты (монохроматты жағдайда негізінен -сериялы желіні қолданады (электрондардың атомда L-деңгейден K-деңгейге өту кезінде пайда болады)) толқындар деп жіктейді.

Рентген сәулесін кристалды заттарды зерттеу үшін қолдану оның толқын ұзындығының табиғи дифракциялық тор қызметін атқаратын кристалл торларында ретімен орналасқан атомдар ара қашықтығымен сәйкес келуіне негізделген. Рентгенографиялық әдістің мәні рентген сәулесінің кристалл құрылымындағы атом жазықтықтарымен шағылысқан кездегі дифракциялық бейнесін зерттеу болып табылады.

Рентгенографиялық талдау негізінде рентген сәулесінің атом жазықтығына түсу немесе шағылысу бұрышы θ және λ толқын ұзындығы мен жазықтық аралық қашықтықты d байланыстыратын Вульф – Брегг теңдеуі жатыр:

 

nλ=2d·sinθ ( 1)

 

мұндағы: n – бүтін сан (1,2,3 т.б..), спектр реті немесе шағылысу реті деп аталады

Рентгенографиялық талдау әдістері әр түрлі материалдардың құрылымы, құрамы мен қасиеттерін зерттеу үшін кеңінен қолданылады. Рентгенографиялық талдау көмегімен: материалдардың сандық және сапалық минералогиялық және фазалық құрамын (рентгенфазалық талдау), кристалды заттардың нақты құрылымын – пішінін, өлшемін, қарапайым ұяшықтың типін, кристалдардың симметриясын, атомдардың кеңістіктегі координаталарын (рентгенқұрылымдық талдау); кристалдардың жетілу дәрежесін және оларда зоналық кернеуліктің болуын; монокристалдардағы мозаикалық блоктардың өлшемін; қатты ерітінділердің типтерін, олардың реттілік дәрежесі мен еру шекарасын; дисперсті жүйелердегі бөлшектердің өлшемі мен бағытын; заттардың текстурасы мен әр түрлі материалдардың беткі қабаттарының күйін; тығыздығы, термиялық кеңею коэффициенті, жабындардың қалыңдығын; бұйымдардағы ішкі микродефектерді (дефектоскопия); төмен және жоғары температура мен қысымның әсерінен болатын заттағы өзгерістерді анықтауға болады.

 

Тапсырма:

1. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде қолданатын шикізаттың рентгенограммасын шешіңдер. 2,3,4- суреттер

 

2- сурет –№ 1шикізаттың рентгенограммасы

 

3- сурет –№ 2 шикізаттың рентгенограммасы

 

 

 

4- сурет –№ 3 шикізаттың рентгенограммасы

 

Үлгілердің сапалық құрамын анықтап, 2- кестені толтырыңдар.