Тақырыбы: Кіріспе. AUTOCAD бағдарламасымен жұмыс жасау.

Мақсаты:AutoCAD жүйесінің интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен танысу.

Кілттік сөздер: жобалау, жүйе, графикалық экран, сызба, батырма.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Инженерлік және компьютерлік кескіндемелердің даму тарихы. Жүйені дайындау. Қолданушы интерфейсі. Режимдер.

 

Эскиздердегі, техникалық суреттердегі, сызбалардағы, схемалардағы бұйымдар бейнелерімен байланысты машиналарды, механизмдерді, құралдарды жобалау, дайындау және пайдалану. «Сызба геометриясы», «Инженерлік және компьютерлік кескіндеме» немесе «Компьютерлік кескіндеме» пәндері адамға әліппе білімі мен грамматиканың оқу мен жазуды үйреткендей студенттерді сызбаларды орындау мен оқуға даярлайды.

Компьютерлік кескіндеме студенттерді ДЭЕМ-де сапалы, нақты және жылдам орындалатын көлемді, біртипті сызба жұмыстарынан босатуға мүмкіндік береді. Инженерлік техникалық жұмысты автоматтандыру жобалау процесін жылдамдатуымен қатар конструкторлы құжат дайындайды және оны жоғарғы кәсіби деңгейге жеткізеді. Бұл пәннің мақсаты компьютерлік кескіндеме әдістері мен құралдарын игеру; қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс жасай білу; бөлшектердің жұмыс сызбаларын, құрастыру сызбасын орындау, конструктор құжаттарын безендіру процесін автоматтандыру.