Масштабтау

Бұйрық:

- ZOOM (Көрсету)

- view→zoom (Түр→ Көрсету)

ZOOM (Көрсету) бұйрығында төмендегі опциялар қолданылады:

All (Барлығы) –сызудың барлық аймағын немесе шекара ішіндегі аймақты көрсету, егер ол берілген болса.

Previous (Алдыңғы) – суреттің алдыңғы түрін қолдану. Экран түрін онға дейінгі түріне тізбектей қалпына келтіруі мүмкін.

Window (Жиек)– терезені қолданып, бейне аймағын беру. Ол үшін төртбұрышты жиектің екі қарама қарсы бұрышын беру керек.

Real time (Нақты уақыт)–нақты уақытта бейнені үлкейту/кішірейту курсорды тігінен жоғары немесе төмен ауыстыру арқылы жүреді.

Pan Real time (Нақты уақытта панорамалау)– сызудың қажетті бөлігін бейнелеу үшін құралмен бейненің қажетті жеріне шертіп, оны ауыстыру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Нысандық байланыстыру деген не?

2. AutoCAD-та қолданылатын нысандық байластыруларды атаңыз?

3. ZOOM (Көрсету) бұйрығының опциялары қандай?