Арнайы түрдегі полилиниялар

Тіктөртбұрыш

Тіктөртбұрышты 3 түрлі тәсілмен сызуға болады:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы батырманы басу;

· Бұйрық жолына RECTANG бұйрығын енгізу;

· Мәзір қатарынан Сурет салу→Тіктөртбұрыш (Рисования → Прямоугольник) бұйрығын таңдау.

Опциясы:

Фаска (Chamfer) –тіктөртбұрыштың әр бұрышынан алынатын фасканың ұзындығын беру.

Түйіндес (Fillet) –тіктөртбұыштың бұрыш түйіндерінің радиусын беру.

Деңгей (Elevation) – үш өлшемді кеңістікте Z осі бойынша жылжитын тіктөртбұрышты тұрғызу үшін деңгейін беру.

Биіктігі (Thickness) – үш өлшемді кеңістікте Z осі бойымен сығылатын тіктөртбұрыш тұрғызу үшін биіктігін беру.

Ені (Width) –тіктөртбұрышты құратын полилинияның енін беру.

 

Көпбұрыш

POLYGON бұйрығы бір жағының соңғы нүктесі бойынша немесе орта нүктесімен және шеңберге енгізілген немесе сипатталған радиусы бойынша дұрыс көпбұрыш тұрғызуға арналған. Бұл бұйрықты Сурет салу(Draw) құралдар тақтасындағы батырмасының көмегімен немесе Сурет салу мәзірі көмегімен шақыруға болады.

Опциясы:

Edge (Жақ) – бір жағын беру.

Circumscribed (Сипатталған) – сипаттаушы (шеңбердің сыртына көпбұрыш тұрғызу).

Inscribed (Енгізілген) – енгізілген (шеңбердің ішіне көбұрыш тұрғызу).

 

Эллипс

Эллипсті 3 түрлі тәсілмен сызуға болады:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы батырманы басу;

· Бұйрық жолына ELLIPSE бұйрығын енгізу;

· Мәзір қатарынан Сурет салу→Эллипс (Рисования → Эллипс) бұйрығын таңдау.

ü Эллипс – тұрақты бекітілген екі нүкте ара қашықтығының қосынды нүктесінің геометриялық орны.

Опциисы:

Center (Центр) – эллипстің центрі

Rotation (Бұру) – екінші өстің бұрылу бұрышы

Сақина

Сақина – бұл сақинаның сыртқы және ішкі диметрі бойынша алынған полилинияның ені.

Сақина 3 тәсілмен сызылады:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы батырманы басу;

· Бұйрық жолына DONUT бұйрығын енгізу;

· Мәзір қатарынан Сурет салу→Сақина (Рисования → Кольцо) бұйрығын таңдау.

Бақылау сұрақтары:

1. Күрделі примитивтің түрлері қандай?

2. PLine бұйрығын қалай орныдаймыз?

3. POLYGON дегеніміз не?

4. DONUT дегеніміз не?

5. ELLIPSE дегеніміз не?