Бір жолды мәтін

Бір жолды мәтінді сызбаға енгізу:

· Сурет салу (Draw) құралдар тақтасынан батырмасын басу;

· Бұйрық жолына DTEXT бұйрығын енгізу;

· Мәзір қатарынан Сурет салу→Бір жолды мәтін (Single Line Text) бұйрығын таңдау.

Опциисы:

Justify –мәтін жолының теңестіру түрлерін өзгерту қажет болса қолданылады, және де жүйе қосымша параметрлерді нақтылау тізімін көрсетеді:

Аlign – егер екі берілген нүктенің арасына мәтін орналастыру қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Сenter– егер көрсетілген нүктеге катысты мәтіндік жолды ортаға қою қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Fit – егер екі берілген нүктенің арасына биіктігі бекітілген мәтін орналастыру қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Мiddle– егер мәтінді көлденеңнен және тігінен ортаға қою қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Right– егер мәтінді көрсетілген нүктеден оң жаққа тегістеу қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Top Left, Top Center, Top Right (TL, ТС, TR) – егер көрсетілген нүкте бойынша мәтінді жоғары сол жаққа, жоғары ортасына, жоғары оң жаққа тегістеу қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Middle Left, Middle Center, Middle Right (ML, MC, MR) – егер көрсетілген нүкте бойынша мәтінді ортасымен сол жаққа, ортасымен тігінен және көлденеңнен, ортасымен оң жаққа тегістеу қажет болса, қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

Bottom Left, Bottom Center, Bottom Right (BL, ВС, BR) – көрсетілген нүкте бойынша мәтінді төмен сол жаққа, төмен ортасына, төмен оң жаққа тегістеу қажет болса қолданылады; жүйенің қосымша сұранысы.

 

Сурет 5. TL, TC, TR, ML, MC, MR, BL, BC, BR, Right, Center туралау опцияларын қолдану мысалдары

 

Бір жолды мәтінге арнайы символдарды қолдану басқарушы кодтар көмегімен орындалады:

%%о – символдарды үстінен сызу режимін қосады немесе сөндіреді;

%%и – символдарды астынан сызу режимін қосады немесе сөндіреді;

%%d – мәтін жолының сәйкес орнына «градус» символын орналастырады;

%%p – мәтін жолының сәйкес орнына «қосу-азайту» символын орналастырады;

%%с – мәтін жолының сәйкес орнына «шеңбер диаметр» символын орналастырады.