рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: ERASE, COPY, MIRROR, OFFSET, ARRAY

Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: ERASE, COPY, MIRROR, OFFSET, ARRAY - раздел Промышленность, АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Мақсаты:Жалпы Түзету Бұйрықтарымен Танысу....

Мақсаты:Жалпы түзету бұйрықтарымен танысу.

Кілттік сөздер: түзету бұйрықтары, өшіру, көшіру, айна, ұқсас, массив.

Дәрістің қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар: Түзету құрал-саймандар тақтасы. Erase (Өшіру). Copy (Көшіру). Mirror (Айна). Offset (Ұқсас). Array (Массив). Тік бұрышты және дөңгелек массив.

Нысандарды жалпы түзету бұйрықтарының батырмалары (көшіру, ауыстыру, ұзарту және т.с.с.) Түзету (Modify) құралдар тақтасында орналасқан.

 

 

Сурет7. Modify тақтасы

 

Аталған бөлімде қарастырылған, бұйрықтардың әрбіреуін перне тақта арқылы атын енгізуге, сонымен қатар Түзету (Modify) мәзірінің көмегімен шақыруға болады. Берілген бөлімдегі бұйрықтардың көпшілігі алдын-ала таңдалған нысандар жиынымен жұмыс жасайды немесе мұндай жиындар болмаса сұраныс беріледі. Нысанды таңдаңыз: (Select objects:). Қалған бұйрықтар осы уақытқа сәйкес жөнделетін нысандарда сұралады.

батырмасы және осыған сәйкес ERASE (Өшіру) бұйрығы экраннан таңдалған нысанды өшіреді және оларды суреттен жояды.

Бұйрықтың орындаған әрекетін Стандарттар (Standard) тақтасындағы Болдырмау (Undo) батырмасының немесе О (U) және Болдырмау (Undo) бұйрықтарының көмегімен тоқтатуға болады.

COPY (Көшіру) бұйрығының батырмасы бастапқы және соңғы нүктелермен берілетін таңдалған нысанды векторға параллель көшіреді. Негізінен көшіру операциясының нәтижесі, кейіннен көрсетілетін бірінші немесе екінші нүктелерге тәуелді емес, ал олардың өзара орналасуына байланысты, өйткені түпнұсқадан нысан көшірмесінің қортынды жылжуы Х өсі бойынша көшіру векторының екінші және бірінші нүктелерінің арасында абсцисса айырымы ретінде есептеледі, ал Ү өсі бойынша жылжу – ордината айырымы ретінде есептеледі.

Опциясы:

Multiple (Бірнеше)бұйрығы нысандардың бірнеше рет көшірмесін алуды орындайды (көшірмесін алу векторларының бірінші нүктесі бір, бірақ векторлық нүктелері әртүрлі). Оны қолданған жағдайда AutoCAD жүйесі бір рет бастапқы нүктені сұрайды, содан кейін циклдық түрде орын ауыстыру векторының соңғы нүктесіне сұранысын қайталайды. Бұйрық жұмысы – <Enter> пернесін басумен немесе тышқанның оң жақ батырмасын шертумен аяқталады.

MIRROR (Айна) бұйрығының батырмасы екі нүктемен анықталатын өске салыстырмалы түрде таңдалған объектіні айнамен шағылыстыруға (симметриялау) мүмкіндік береді.

Ескерту

Егер симетрияланатын нысанда мәтін болатын болса, онда әдетте олар да өске қатысты шағылысып, оқуға болмайтын жағдайға әкеледі. Мәтіндер шағылысқан кезде аударылмау үшін MIRRTEXT жүйелік айнымалысына 0 мәнін (1-дің орнына) беру қажет. Сонда мәтіннің байланыс нүктелері симметрияланады да, ал мәтіннің өзі сол бастақы бағытындағыдай қала береді.

OFFSET (Ұқсас) бұйрығының батырмасы сызықтық нысандарға (кесінді, полилиния, доға, шеңбер, эллипс) параллельді сызықтарды сызу үшін арналған. Параллельді сызықты сызудың екі нұсқауы бар: түп нұсқадан ара қашықтық және берілген нүкте арқылы сызу.

ARRAY (Массив) бұйрығының батырмасы бірдей объектілердін көшірмелер тобын құруға арналған. Мұда көшірмелер белгілі бір заң бойынша тікбұрышты немесе дөңгеленген массив ретінде орналасады. Кез келген жағдайында бұйрық сол жағында өзгеретін аймағы бар Array (Массив) сұқбаттасу терезесін шақырады. Бұл аймақтың мазмұны терезенің жоғарғы жағында орналасқан Rectangular Array (Тік төртбұрышты массив) және Polar Array (Дөңгелек массив) екі ауыстырып қосқыштарының жағдайына байланысты.

 

 

Сурет8. Массив сұқбаттасу терезесі

 

· Rectangular Array (Тік төртбұрышты массив)

Оң жақтағы слайд ARRAY (МАССИВ) бұйрығының жұмысын Rows (Қатарлар), Columns (Бағаналар), Row offset (Қатарлар аралығы), Column offset (Бағана аралығы) және Angle of array (Бұрылу бұрышы) параметрлері үшін берілген мәндермен көркемдейді және таңдалған объектілердің (матрица X өсі бойынша салыстырмалы түрде ыңғайланады) көшірмесі орналасатын тік төртбұрышты матрицаның жағдайы мен өлшемін анықтайды. Егер көбейтілетін нысан таңдалмаған болса (немесе барлығы таңдалмаған), онда сұқбаттасу терезесінің оң жақ жоғарғы жағында орналасқан батырмасын шертіп таңдауға болады. Бұл жағдайда терезе уақытша жинақталады да, нысандарды таңдап болғаннан кейін қайтадан ашылады.

Қатар мен бағаналар арасындағы ара қашықтықты, сонымен қатар массивтің қисаю бұрышын сандар немесе тышқан арқылы беруге болады. Тышқан арқылы беру үшін сәйкес өріске қарсы орналасқан батырмасын шерту қажет, осыдан кейін экранда параметрлер мәнін беретін екі нүктені көрсету керек. Егер үлкен батырмасын шертсе, онда босаған экранда екі нүктенің көрсетуімен қатар және бағаналар ара қашықтығын (нүктелердің абсциссалары арасындағы айырмашылығы мен ординаталар арасындағы айырмашылық қолданылады) бірден беруге болады. Егер ара қашықтық оң болса, онда объектілер X өсі бойынша оңға, У өсі бойынша жоғары қарай көбейеді. Теріс мәндер көбеюдің бағытын сәйкес өстер бойынша өзгертеді (егер екі мән де теріс болса, онда екі өс бойынша).

Сұқбаттасу терезесінің оң жақ төменгі бұрышында орналасқан Preview (Қарау) батырмасы ARRAY (МАССИВ) бұйрығының орындалуынан бұрын параметрлерін берудің дұрыстығын бағалау мүмкіндігін береді. Егер нәтижемен келіссеңіз Accept (Қабылдау) батырмасын шерту керек, ал келіспесеңіз Modify (Өзгерту) батырмасын шертіп, сұқбаттасу терезесіне қайта оралу керек.

· Polar Array (Дөңгелек массив)

Бұл терезеде дөңгелек массивінің центрін (Center point өрісі (Центр нүктесі))беру керек және ашылған Method (Құру тәсілі) тізімінен толтыру тәсілін таңдау қажет. Толтыру тәсілдері: Total number of items & Angle to fill (Элементтер саны мен толтыру бұрышы), Total number & Angle between items (Элементтер саны мен элементтер арасындағы бұрыш) немесе Angle to fill & Angle between items (Толтыру бұрышы мен элементтер арасындағы бұрыш). Таңдалған тәсілге байланысты келесі үш параметрдің екеуін толтыру қажет болады: Total number of items (Элементтер саны), Angle to fill (Толтыру бұрышы) және Angle between items (Элементтер арасындағы бұрыш). Бұрыштың оң мәндері сағат тіліне қарсы әрекетті, ал теріс мәні сағат тілімен бірдей әрекетті білдіреді.

Rotate items as copied (Массив элементтерін бұру) жалаушасының жағдайына байланысты көбейетін нысандар доғаға параллелді жанама түрде бұрылады немесе бұрылмайды. Егер Object base point (Нысанның базалық нүктесі) аймағында Set to object's default (Нысанда қалай орнатылған) жалаушасы орнатылған болса, онда жаңа нысандарды салыстырмалы түред орналастыратын доға соңғы таңдалған қарапайымдардың бірнеше нүктелері арқылы өтеді (бұл нүкте өзінің алгоритмі бойынша жүйесімен анықталады, дұрыстығында бұл бірінші немесе центр нүктесі). Егер аталған жалаушаны алып тастаса, онда Base point (Базалық нүкте) өрісінде басқа базалық нүктесін беруге болады.

Егер Less (Аз) батырмасын шертсе, онда терезе өлшемі Object base point (Нысанның базалық нүктесі) аймағының жоғалуы есебінен кішірейеді, ал аталған батырманы қайта шертсе, жинаулы тұрған аймақты ашады. Осы кезде батырмадағы жазба More (Көп) болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Құрал-саймандар тақтасынан бұйрық таңдағаннан соң қандай сұраныс пайда болады?

2. Нысанды қалай айна арқылы көшіреміз?

3. OFFSET бұйрығының қызметі қандай?

4. ARRAY бұйрығының қызметі қандай?

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш ЕСЕНОВ АТЫНДА Ы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР Ж НЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ... Те із технологиялар институты... Есептеуіш техникасы ж не ба дарламалы амтамсыз ету кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: ERASE, COPY, MIRROR, OFFSET, ARRAY

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Тақырыбы: Кіріспе. AUTOCAD бағдарламасымен жұмыс жасау.
Мақсаты:AutoCAD жүйесінің интерфейсімен және негізгі мүмкіндіктерімен танысу. Кілттік сөздер: жобалау, жүйе, графикалық экран,

Жүйені дайындау
Американың Autodesk фирмасымен шығарылған, AutoCAD жүйесінің алғашқы нұсқасы ХХ ғасырдың 80-жылдары пайда болып, өзіндік бірт

Олданушы интерфейсі
Жүйені іске қосу жұмыс үстелінде орналасқан жарлығын тышқанның

Режимдер
ҚАДАМ (SNAP) батырмасы байланысу режимін тордың нүктесіне белгілі бір қадаммен немесе бұрыштық байланысуға қосады немесе сөнді

Тақырыбы: Негізгі ұғымдар және аспаптар. Примитивтер. Қарапайым примитив: Кесінді.
Мақсаты:AutoCAD жүйесінде координаттарды енгізу тәсілдерімен, қарапайым және күрделі примитивтермен танысу. Кілттік сөздер: бұ

Бұйрықтарды енгізу тәсілдері
AutoCAD жүйесі қолданушының интерактивті жұмысы үшін құрылған. Жүйемен сұқбаттасу бұйрық тілінде жүреді. Бұ

Координаттар нүктесін енгізу тәсілдері
Бірінші тәсіл –тышқанның көмегімен жүреді. Координаттар нүктесін пернетақтадан енгізу екінші тәсілі ке

Примитивтер
AutoCAD жүйесінде примитивтер деп аталатын кез келген сурет қарапайым бөлімдерге бөлінеді. Примитив қарапайым және күрделі болуы мүмкін

Шеңбер
Шеңбер тұрғызудың 3 тәсілмен жүзеге асады: · Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы

Доға
Доға бұйрығын үш түрлі тәсілмен таңдауға болады: · Сурет салу (Рисование - Draw) құралдар тақтасынан

Тақырыбы: Нысандарды байланыстыру. Масштабтау.
Мақсаты:Нысандарды байланыстыру опцияларымен танысу.Масштабпен танысу. Кілттік сөздер: нысандарды байланыстыру, нүкте, масштабтау. Дәрісті

Нысандарды байланыстыру.
Нысандарды байланыстыру функциясына рұқсатты Стандартты (Standard) тақтасының топталған батырмасымен немесе Нысандарды байланыстыру (

Масштабтау
Бұйрық: - ZOOM (Көрсету) - view→zoom (Түр→ Көрсету) ZOOM (Көрсету) бұйрығында төмендегі

Тақырыбы: Күрделі примитивтер: Полилиния. Арнайы түрдегі полилиниялар.
Мақсаты:Күрделі примитив полилиниямен және арнайы түрдегі полилиниялардың түрлерімен танысу. Кілттік сөздер: полилиния, сегмент, тік

Полилиния
Полилиния – бұл бір немесе бірнеше өзара байланысқан тура сызықтармен және доға сегменттерінен тұратын күрделі қарапайым. Полилиния бүтін

Арнайы түрдегі полилиниялар
Тіктөртбұрыш Тіктөртбұрышты 3 түрлі тәсілмен сызуға болады: · Сурет салу (Draw) құралд

Бір жолды мәтін
Бір жолды мәтінді сызбаға енгізу: · Сурет салу (Draw) құралдар тақтасынан

Көп жолды мәтін
Көп жолды мәтінді сызбаға енгізу: · Сурет салу (Draw) құралдар тақтасынан

Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: MOVE, ROTATE, SCALE, STRETCH, TRIM, EXTEND, BREAK.
Мақсаты: Жалпы түзету бұйрықтарымен танысу. Кілттік сөздер: түзету бұйрықтары, ауыстыру, айналдыру, созу, кесу, ұзарту,

Тақырыбы: Жалпы түзету бұйрықтары: CHAMFER, FILLET.
Мақсаты: CHAMFER, FILLET бұйрықтарымен танысу. Кілттік сөздер: фаска, ұштастыру. Дәрістің қысқаша мазмұ

Тақырыбы: Штрихтау.
Мақсаты:Штрихтауды салудың тәсілдерімен, аспаптық бояу тақтайшасын қолданумен танысу. Кілттік сөздер: штрихтау, аспаптық бояу,

Штрихтауды салудың тәсілдері
AutoCAD-та штрихтау үшін HATCH (Штрих) бұйрығы қолданады. Штрихтаудың кейбір дайын нұсқалары Hatches (Штрихтар) аспаптық бояу тақтайшасы бетшес

Аспаптық бояу тақтайшасын қолдану
Аспаптық бояу тақтайшасында штрихтаудың параметрін күйге келтіру үшін, штрихтаудың таңдап алынған нұсқасында тышқанның оv

Штрихтау үшін градиентті қолдану
Hatch and Gradient (Штрих және градиент) сұхбаттық терезесінің Gradient (Градиент) қосымша бетшесі, тұйық аймақтарды толтыруға арналған ш

Штрихтауды редакциялау
Жасақталған штрихтауды редакциялау үшін HATCHEDIT (Редштрих) бұйрығын пайдаланылады. AutoCAD-та штрихтаудың барлық параметрлерін редакциялауға болады

Тақырыбы: Блоктар.
Мақсаты:Блоктың бұйрықтарымен және оның белгілерімен танысу. Кілттік сөздер: блок, Make Block, Insert Block. Дәріс

Блоктарды құру
Блоктарды құру оның суреттемесінен басталады. Блоктың суреттемесін құрастыру үшін бұйрық жолына BLOCK (Блок) бұйрығын енгізу қ

Блоктарды қою
Блоктарды қою үшін INSERT (Қою) бұйрығы қолданылады. Блоктарды бағдарламаның келесі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоюға да болад

Блоктардың ерекше белгілері
Әр блоктың бір немесе бірнеше ерекше белгілері – суреттеуге қызмет ететін және белгі салатын, мәтіндік үзінді болуы мүмкін. Ерекше белгілер қарапайым

Тақырыбы: Өлшемдер.
Мақсаты:Өлшемді сызбаға қою және оның түрлерімен танысу. Кілттік сөздер: өлшем, параллельді, базалық, шынжыр, орди

Тақырыбы: Кестелер.
Мақсаты:AutoCAD жүйесінде кестелерді құрудың тәсілдерімен танысу. Кілттік сөздер: кесте, мәліметтер, ,байланыстар.

Кестелердің құрылуы
Кестелерді құру үшін келесі тәсілдердің кез келгенін қолдануға болады: TABLE (Кесте) бұйрығын қолдану. Мәзірден D

Тақырыбы: Кестені редакциялау және форматтау. Кестенің стилі.
Мақсаты:Кестені редакциялау, форматтау және оның стилімен танысу. Кілттік сөздер: кесте, ұяшық, мәліметтер, блок, алаң, кесте

Кестенің стилі
Стильдер форматтау атрибуттарының топтамасын білдіреді. Кестелер үшін бұл атрибуттар ұяшықтарды және олардың шекараларын әрлеу, ұяшықтард

Тақырыбы: 3D - үлгілерін құру.
Мақсаты:Көлемді пішіндерді тұрғызумен танысу. Кілттік сөздер: жәшік, цилиндр, тор, клин, конус, көлемді пішін, үшөлшемді

Параллелепипед
Параллелепипедті құру Draw/Solid/Boxбұйрығын қолдану арқылы жасалады.Бұйрықтың кілттері. · Center- жәшіктіv

View/3D Orbit
AutoCAD 2006-ның келесі бұйрықтары бар. · View/3D Viewpoint/Vector- бұйрық жолына көзқарас нүктесін беруді жүзеге асы

Нысанға өң беру
VIEW/RENDER/RENDER бұйрығымен нысанға өң беру параметрлері бар терезе ашылады. Destination алаңында Viewpoint (көрсетілім экранын ашу) орнатылады, Render &

Шөлшемді кеңістікте редакциялау
Екіөлшемді кеңістіктегі редакциялау бұйрықтары (MOVE,COPY,ROTATE,MIRROR) үшөлшемді кеңістікте де қолданылуы мүмкін. Үшөлшемді ке

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі: Кенжебаева Ж.Е. Основы изучения системы AutoCAD –Алматы, 2006.-74с. Кенжебаева Ж.Е. Методические указания по выполнению практических работ по дисциплине «Компьютерн

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги