Штрихтау үшін градиентті қолдану

Hatch and Gradient (Штрих және градиент) сұхбаттық терезесінің Gradient (Градиент) қосымша бетшесі, тұйық аймақтарды толтыруға арналған штрихтау ретінде қолдануға болатын, градиенттік құюдың параметрлерін беруді жүзеге асырады. Градиент бір түстен екінші түске бірте-бірте ауысуды білдіреді.

 

 

 

 

Сурет 13. Hatch and Gradient (Штрих және градиент) сұхбаттық терезесінің Gradient (Градиент) қосымша бетшесі

 

Бұл терезені шақыру үшін келесі әрекеттерді жасау қажет:

· GRADIENT (Градиент) бұйрығын бұйрық жолына енгізіңіз;

· Draw (Сурет салу) аспаптар тақтасындағы GRADIENT (Градиент) батырмасын басыңыз;

· Draw Gradient (Сурет салу Градиент) бұйрығын орындаңыз.

Gradient (Градиент) қосымша бетшесіндегі күйге келтіруді пайдалана отырып, градиенттің түрін және оның түсін нақтылауға болады. Color (Түс) аумағындағы ауыстырып-қосқыштың көмегімен таңдалған түске (One color) немесе бірнеше түске (Two color) қарай градиент жасауға болады. Түс Select Color (Түс таңдау) терезесінің көмегімен таңдалады, ол түстер тізіміндегі көп нүкте батырмасын басқанда пайда болады. One color (Бір түс) градиентін қолданғанда реңктің өзгеруін сырғыманың көмегімен салуға болады. Егер де оны Shade (Қою) жаққа қарай ауыстырса реңк қоюлана түседі де, ал Tint (Ашық) жаққа қарай болса, онда ашық түске қарай өзгереді.

Orientation (Орналастыру) аумағындағы жалаушаны қою Centered (Ортаға қою) құйып бояудың симметриялы болуын қамтамасыз етеді. Үлгінің қисайту бұрышын Angle (Бұрыш) өрісі арқылы беруге болады.

Дайын болған үлгінің қалай шыққанын қарау Preview (Алдын ала қарау) батырмасын басу арқылы көруге болады.